Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Прокуратура органдары 2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын және мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауын ұйымдастыру және өткізу кезеңінде сайлау заңнамасының дәлме-дәл және бiркелкі қолданылуының заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асыруды жалғастыруда.         

Бүгінге сайлау процесіне қатысушылар тарапынан қандай да бір елеулі бұзушылықтар тіркелген жоқ.

Тек қана сайлау алдындағы үгітті өткізу шарттарының жекелеген бұзушылықтары орын алды.

Мысалға, ағымдағы жылғы 23 ақпанда Астана қаласының прокуратурасы «Ауыл» партиясының үгіттеу материалдарын бүлдіру фактілері бойынша азамат И.Тустикбаевқа және М.Болатхановқа заңды бұзуға жол берілмейтіні туралы алдын ала ескерту берді. 

Оңтүстік Қазақстан облысында ағымдағы жылғы 29 ақпанда Шымкент қаласы Қаратау ауданының прокуратурасы қалалық мәслихаттың депутаттығына кандидат З.Базарбаевтың сенім білдірген адамының өтініші бойынша үгіттеу материалдарын бүлдіру фактісі бойынша Ж.Бубеевке қатысты әкімшілік іс қозғады (ӘҚБтК-нің 114-бабы). 

Сотпен кінәлі 5 АЕК көлеміндегі айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жалпы, үгіттеуді қоса алғанда барлық іс-шаралар бүгінгі күнгі жағдайға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының (бұдан әрі – Конституциялық заң) талаптарына сәйкес өткізілді.

Дегенмен, сайлау қарсаңындағы, сондай-ақ сайлау күні құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында сайлау процесінің барлық қатысушыларының назарын заңнаманың келесі нормаларына аударамыз.      

Конституциялық заңның 27-бабының 2-тармағына сәйкес сайлау алдындағы үгiт сайлау болатын күннің алдындағы күнгi жергілiктi уақыт бойынша нөл сағатта, яғни, 2016 жылғы 19 наурыздағы 00.00 сағатта аяқталады (немесе 2016 жылғы 18 наурыздағы 24.00 сағатта).

Сайлау болатын күнi және оның қарсаңындағы күнi кез келген үгiтке тыйым салынады (Конституциялық заңның 32-бабы).

Бұл ретте сайлау комиссияларының үй-жайларынан және дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс жерлерде бұрыннан ілулi тұрған баспа үгiт материалдарын сол орындарында қалдыруға болады.

Дауыс берiлетін күн алдындағы бес күн ішінде және дауыс берiлетiн күні бұқаралық ақпарат құралдарында қоғамдық пікірге сұрау салу нәтижелерiн, сайлау нәтижелерiнiң болжамын, сайлауға байланысты өзге де зерттеулердi жариялауға жол берілмейдi.

Сайлау күнi дауыс берілетiн үй-жайда немесе дауыс беру пунктiнде қоғамдық пiкiрге сұрау салуға тыйым салынады (Конституциялық заңның 28-бабының 9-тармағы).

Конституциялық заңның 39-бабының 2-тармағына сай дауыс беруге арналған үй-жайдағы адамдар дауыс берудi өткiзу жөнiндегi комиссия белгiлеген ережелердi қатаң сақтауға мiндеттi. Тиiстi сайлау комиссиясының төрағасы тәртiпке жауапты болады және Конституциялық заңның ережелерiн бұзып, дауыс берудi өткiзуге кедергi келтiрген кез келген адамның ол жерден кетуiн талап етуге құқылы.

 Дауыс беру күнi дауыс беруге арналған үй-жайда сайлау процесiне қатысы жоқ бөгде адамдардың болуына тыйым салынады.

Әрбiр сайлаушының өзi дауыс беретінін атап өтеміз.

Сайлауда дауыс құқығын басқа бiреуге беруге және сол сияқты басқа адам үшiн дауыс беруге жол берiлмейдi (Конституциялық заңның 41-бабы).

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы:

- сайлау алдындағы үгiттi сайлау күнi не оның алдындағы күнi жүргiзгені;

- екі не одан көп рет немесе басқа сайлаушыға дауыс беру жолымен тең сайлау құқығы туралы талаптарды бұзғаны;

- басқа адамдар үшiн дауыс беруге мүмкіндік беру мақсатында азаматтарға сайлау бюллетеньдерін бергені;

- дауыс берiлетін күн алдындағы бес күн ішінде және дауыс берiлетiн күні бұқаралық ақпарат құралдарында қоғамдық пікірге сұрау салу нәтижелерiн, сайлау нәтижелерiнiң болжамын, сайлауға байланысты өзге де зерттеулердi жариялағаны;

- сайлау күнi дауыс берілетiн үй-жайда немесе дауыс беру пунктiнде қоғамдық пiкiрге сұрау салғаны үшін жауапкершілік туралы ресми ескертеді.

Жоғарыда келтірілген заңнама нормаларын түсіндіре отырып, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы барлық жеке және заңды тұлғаларды, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарын сайлау қарсаңындағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын және мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауын өткізу күні заңдылықты бұлжытпай сақтауға шақырады. 

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.