Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бұрын хабарланғандай, ағымдағы жылдың 24-қазанында Тараз қаласында 1995 жылы туылған Бектібаев Ерлан Абдуллаұлы өзін-өзі өртеп жіберді.

Күю салдарынан Е.А. Бектібаев қалалық ауруханада қайтыс болды.

Дәл сол күні Жамбыл облысы прокуратурасының арнайы прокуроры Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) және 362-бабы (Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) бойынша тергеуді бастады.

Сонымен бірге, тергеп-тексерудің жан-жақтылығы мен объективтiлігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ішкі істер министрлігі орталық аппараттарының аса тәжірибелі қызметкерлерінен тұратын және Бас Прокурордың аға көмекшісі жетекшілік ететін ведомствоаралық жедел-тергеу тобын құрды.

Тергеп-тексеру шеңберінде қаза болғанды ұстауға қатысты барлық материалдар алынып, зерделенуде, осыған қатысқан полиция қызметкерлерінен айғақтар алынды.

Бүгінге ағымдағы жылдың 22-қазанында Бектібаев ұсталынып және жеке басын тiнту барысында одан есірткізат- жалпы салмағы 285,9 гр. гашиш табылғаны анықталды. Медициналық куәландыру кезінде Бектібаевтың есірткі пайдаланғаны анықталды.

Осы факті бойынша басталған тергеу шеңберінде Бектібаев өзі шақыртқан адвокаттың қатысуымен одан табылған есірткі затты сақтағаны жөнінде мойындау айғақтарын берген.

Кінәні мойындағанын, сондай-ақ тергеумен ынтымақтастыққа ниет білдіргенін ескере отырып, сол күні, яғни, а.ж. 22-қазанында күдікті тергеушіге келу туралы міндеттемемен үйіне жіберілген.

Ұстап алу және жүргізілген тергеу әрекеттерінің заңдылығына бағаны Е.А.Бектібаевты өзін-өзі өлтіруге дейiн жеткiзу, сондай-ақ полиция қызметкерлерінің мүмкін құқыққа қайшы әрекеттері туралы болжамдарды тексеру шеңберінде ведомствоаралық жедел-тергеу тобы береді.

Бүгінгі күнге оқиға орнында Е.А.Бектібаевпен бірге болған барлық адамдар – оның таныстары мен туысқандары анықталып, айғақтар алынды.

Алынған айғақтарға сәйкес олар оқиға орнында қаза тапқанның өз өтініші бойынша болған және жәрдем көрсеткен, оларға Бектібаевтың тек аяғын өртеу ниеті туралы ғана белгілі болған. Акцияға қатысушылар бейне түсірілімге және өртті сөндіруге жауаптылардың рөлдерін алдын ала бөлген.

Тергеумен қаза болғанның жеке басы туралы мәліметтер де зерделенуде.

Е.А. Бектібаев Тараз қаласында кәмелетке толмаған колледждердің бірінің студентіне ауыр пышақ жарақаттарын салғаны, сондай-ақ Алматы қаласында бірқатар ұрлық жасағаны үшін 2015 жылғы маусымда қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны (4 жылға бас бостандығын шектеу түріндегіжаза тағайындалған) анықталды.

Әкесі бар, анасы 2013 жылы қайтыс болған, Тараз қаласында туысқандарында тұрған, базарда жүк тасушы болып жұмыс істеген.

Сараптама ол өзін-өзі өртеу кезінде есірткілік мастық күйде болғанын көрсетті.

Бұрын Бектібаев прокуратура органдарына полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне шағыммен жүгінбегенін атап өткен жөн.

Қазіргі уақытта тергеп-тексеру жалғасуда, кешенді жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде, бірқатар сараптамалар тағайындалды.

Тергеу барысы ерекше бақылауда.

Ведомствоаралық жедел-тергеу тобы жұмысының барысы мен нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Ұқсас мәліметтер

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.