Баспасөз ақпараты

23 маусым 2015 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Атырау облысының құқық қорғау және арнайы органдары терроризмді насихаттаған, қарулы қақтығыстарға қатысу үшін Сирия Араб Республикасына кетуге дайындалған деген күдікпен Атырау қаласының 3 тұрғынының құқыққа қарсы әрекеттерінің жолын кесті.

Аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 256-бабының 2-бөлігі (терроризмді насихаттау), 24-бабының 1-бөлігі, 172-бабы (шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысуға дайындалу) және 259-бабының 1-бөлігінде (террористік не экстремистік әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе даярлау не қаруландыру) көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Күдіктілерге қатысты сот күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдады.

Атырау облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу