Баспасөз ақпараты (4 қыркүйек 2014 ж., Астана қ.)

04 қыркүйек 2014 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаевтың Венгрия Жоғарғы Сотының Төрағасы, Доктор Петер Дарокпен кездесуі болып өтті.

Кездесу барысында тараптар құқықтық жүйедегі ынтымақтастықтың болашағы туралы талқылады. Венгриялық делегацияның сапары жемісті өзара қарымқатынастың одан әрі дамуына, құқықтық жүйедегі тәжірибемен алмасуда маңызды қадам екендігі атап өтілді.

А.Дауылбаев сұхбаттасушыны құқық қорғау жүйесіндегі реформалар туралы хабардар етіп, қылмыстық заңнама аясында жүргізіліп жатқан жұмыстарды, сонымен қатар Қазақстанмен адам құқығын қорғауды күшейту саласында жасалып жатқан шаралар жөнінде әнгімеледі.

Сонымен бірге, Қазақстанның Бас Прокуроры еліміздің геосаяси жағдайын ескере отырып, қылмыстылықпен күрес Қазақстан құзырлы органдарының басым бағыттарының бірі болып табылатындығын атап өтті. Осыған орай,  осы саладағы қылмыстың алдын алу, жақын және алыс шет мемлекеттердің құзырлы органдарымен қылмыстылыққа қарсы күресте өзара әрекеттесу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар бойынша хабардар етті.

Сұхбаттасушылар өзара әрекеттесу аясын кеңейту мен нығайтуға мүдделі екендіктерін растады.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу