Баспасөз ақпараты

22 желтоқсан 2014 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы 2013 жылғы шілдеде Ресей Федерациясы құзырлы органдарының ұзақ уақыт бойы халықаралық іздеуде жүрген және Алматы қаласында ұсталған, осы елдің азаматы М.Агаевты беру туралы сұрау салуын қанағаттандырған болатын.

Ресей құқық қорғау органдары күдіктіні жеке жек көрушілік қатынасы негізінде екі адамды өлтіргені үшін айыптаған болатын.

Ағымдағы жылғы 8 желтоқсанда ресейлік тараптан келіп түскен ақпаратқа сәйкес, М.Агаев аталған қылмысты жасағаны үшін Саратов облыстық сотының үкімімен 18 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған, үкім заңды күшіне енген.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу