You are here

Баспасөз ақпараты (28 мамыр 2014 жыл, Астана қ.)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Түркия Республикасының Бас прокуроры Хасан Эрбилдің Қазақстанға іссапары болып, оның барысында Бас Прокурор Асхат Дауылбаевпен екіжақты кездесуі өтті.  

А.Дауылбаев екі елдің заңдылықты нығайту және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелеріндегі Түркияның құзыретті органдарымен тиімді ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті. Осы орайда екі ел арасында толық ауқымда құқықтық саладағы мемлекетаралық келісімдерге қол қойылғаны айтылды.

Қазақстанның Бас Прокуроры бұл іссапар Қазақстан мен Түркияның қадағалау органдары арасындағы қарым-қатынастардың ары қарай дамуының, сондай-ақ тараптардың қалыптасқан қарым-қатынастарды нығайтуға деген қызығушылығын растаудағы  маңызды қадам екенін атап айтты.  

Қазақстанның Бас Прокуроры сонымен қатар шетелдік әріптесін Қазақстанның прокуратура органдары қызметінің басым бағыттары, халықаралық-құқықтық ынтымақтастықты кеңейту және нығайту саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті. 

Кездесу барысында трансұлттық ұйымдасқан қылмыс, терроризм мен экстремизм, киберқылмыс және т.б. төтеп беру саласындағы өзекті ведомствоаралық мәселелер бойынша сындарлы пікір алмасу орын алды. Әңгімелесушілер атап өткендей, аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша заманауи стратегиялық мақсаттар аясында қазіргі заман проблемаларына төтеп беруде күш-жігерді ары қарай жұмылдырудың маңыздылығы арта түсті.

Түркияның Бас прокуроры қазақстандық әріптесіне ұйымдастырылған қабылдау үшін алғысын айтып, өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екендігін хабарлады.

Келіссөздер нәтижесінде Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы бас прокуратуралары арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.