Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін, 5 қарашада Германия Федеративтік Республикасы мен Қазақстан Республикасының қылмыстық-құқықтық саладағы халықаралық ынтымақтастығында ең алғаш рет Германиядан Михаэли Имин Рафикович экстрадицияланды, ол 2005 жылы Алматыда азамат А.Әбдібаевті өлтіргені үшін ұзақ уақыт бойы Интерпол желісі бойынша халықаралық іздеуде болған.

2014 жылы қаңтарда Михаэли Германия аумағында қамауға алынды. Осыған орай Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы оны ұстап беру туралы сұрауды аталған елдің Әділет министрлігіне жіберді.

Ағымдағы жылдың қазанында Германияның құзіретті органы Михаэлиді қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанға экстрадициялау туралы шешім қабылдады.

Бас прокуратураның, ҚР ІІМ Интерполдың Ұлттық орталық бюросы және басқа да мүдделі ведомстволардың бірлескен жұмысының нәтижесінде Михаэли 5 қарашада әуе жолымен Майндегі Франкфурттен Астанаға жеткізіліп, тергеу абақтысына қамалды.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.