You are here

Баспасөз ақпараты (23 сәуір 2013 ж., Берн қ.)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас Прокурор Асхат Дауылбаев Швейцария Конфедерациясына сапары барысында Әділет және полиция федералдық департаментінің Бас хатшысы Матиас Рамзауэрмен және Сыртқы істер министрлігі Статс-хатшысының орынбасары Артур Маттлимен кездесу өткізді.

Сұхбат барысында А.Дауылбаев әңгімелесушілерін прокуратура органдарының қадағалау және құқық қорғау қызметі саласында қол жеткізген нәтижелерімен таныстырып, Қазақстанның құқық қорғау жүйесін реформалау үдерісі туралы хабардар етті.

Еуропа Кеңесінің қылмыстық істерді жүргізу саласындағы негізгі төрт конвенциясына Қазақстанның қосылу барысы әңгіменің бөлек тақырыбы ретінде болды.

М.Рамзауэр Әділет және полиция федералдық департаменті Қазақстанның құқық қорғау жүйесін реформалау үдерісін қуаттайтынын, еуропалық конвенцияларға қосылу бойынша қазақстандық бастаманы қолдау мәселесін зерделеп, аталған мәселе бойынша мемлекет басшылығын тиісті жолмен ақпараттандыруға дайын екенін білдірді.

Тараптардың пікіріне сәйкес, орын алған кездесу екі елдің құқықтық жүйелерін әрі қарай нығайтуға байланысты кең ауқымды мәселелер бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге және өзара пайдалы қарым-қатынастарды орнатуға елеулі серпін беруге тиіс.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

www.prokuror.gov.kz

twitter.com/#!/GenProkRK, facebook.com/GenProkRK, youtube.com/user/GenProkRK, vk.com/Basprokuratura, el.kz/b194634, genprokrk.yvision.kz, kaztube.kz/ru/channel/62212,  kiwi.kz/user/GenprokRK

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.