You are here

Баспасөз ақпараты (2013 жылдың 30 қаңтары)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Мемлекет басшысының құқық қорғау органдары басшыларымен жүргізген жиналысы аяқталған соң Бас Прокурор облыстық және оларға теңестірілген прокурорларды қатыстыра отырып Бас прокуратураның кеңейтілген алқа мәжілісін өткізді. Мәжілісте Мемлекет басшысының құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын орындау мәселелері талқыланды.

Жиналысты аша отырып, Асхат Дауылбаев ел Президентінің қойған тапсырмаларын бұлжытпай және жедел орындауды қамтамасыз етудің маңыздылығын атап көрсетті.

Алқада атап өтілгендей, прокуратура органдарының басым бағыты ретінде азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің конституциялық құқықтары мен бостандықтарын құқыққа қарсы қол сұғушылықтан қорғау, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту болып қала береді. Осыған орай, талқылау барысында қоғамда құқық бұзушылыққа төзбеушілік қағидасын қалыптастыру, терроризм мен діни экстремизмнің көріністерімен күресті күшейту, сыбайлас жемқорлықпен күрес, жаңа құқықтық кеңістіктің заңнамалық базасын дайындау тәрізді тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздікті қамтамсыз етумен байланысты мәселелерге ерекше назар аударылды.

Қылмыспен күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту тұрғысында Қазақстанның қылмыстық сот өндірісі саласындағы еуропалық конвенцияларға қосылуы, қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету саласындағы екіжақты халықаралық келісім-шарттарды жасасуы бойынша жұмыстардың белсенділігін арттыру қажет деп танылды.

Жаңа кадр саясатын қалыптастыру мәселесі бірізді және жүйелі жұмысты талап етеді. Осыған орай, кадр жұмысын ұйымдастыруды түбегейлі қайта қарау, кадрларды іріктеу мен жылжытудың жаңа жүйесін құру, қызметкерлердің жұмысын бағалаудың алдыңғы қатарлы өлшемдерін енгізу міндеттері жүктелді.

Алқа мәжілісінде құқық қорғау қызметінің тиімділігін арттыруға, заңдылық пен құқықтық тәртіпті күшейтуге, прокуратураның құқық қорғаушылық және үйлестірушілік рөлдерін нығайтуға, қадағалау тәжірибесін жетілдіруге бағытталған нақты ұйымдастырушылық-практикалық және құқықтық шаралар кешені белгіленді.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.