Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Атырау облысының прокуроры Ғ.Тоғызбаевтың төрағалығымен  прокурорлар жүргізген тексеру қорытындысы бойынша облыс, қала, аудан әкімдіктері жанындағы кәмелетке жасы толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның, ішкі істер органдарының және білім беру ұйымдарының қызметінде (2013 жылы және 2014 жылы 4 айда) бірқатар заң бұзушылықтар анықталды.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың профилактикасы қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын-алу туралы» Заңының талабына қайшы, Комиссия тарапынан отырыстарды уақтылы өткізбеу, хаттама шешімдерін орындамау фактілері орын алып, Комиссияның жұмысы формальді түрде жүргізілген.

Сондай-ақ, аумақта жасөспірімдерге қатысты туындаған мәселелер комиссияның назарынан тыс қалуда.

Сонымен қатар, ішкі істер органдары әкімшілік заңнама талаптарының бұзылуына жол берілген.

Білім беру ұйымдарында психолог мамандар атқарған жұмыстардың тиімділігі тексеріліп, ҚР Білім және ғылым Министрінің 20.12.2011 жылғы №528 бұйрығымен бекітілген «Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларының» талаптары мүлдем орындалмайтыны анықталды.

Психологтар жасөспірімдер арасындағы психологиялық ахуалдың алдын-алу бағытында кешенді шараларды, психодиагностикалық жұмыстарды жүргізбейді, суицид фактілерінің орын алу себебін анықтамайды, медициналық психологпен өзара байланыс орнатылмаған.

Алқа жұмысының қорытындысында заң бұзушылықты жою және оны болдырмау бағытында сәйкес шаралар қабылданды.

Атырау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.