You are here

Баспасөз ақпараты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов бастаған қазақстандық делегацияның Венгрияға ресми сапары барысында Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев Венгрияның Мемлекеттік әділет министрі Роберт Репашимен және Венгрияның Бас прокуроры Петер Полтпен кездесті.

А.Дауылбаев венгерлік әріптестеріне қонақжайлықтары үшін алғысын білдіре отырып, қылмыстық-құқықтық саладағы Қазақстан мен Венгрияның ынтымақтастығында қылмыстылыққа халықаралық тосқауыл қою саласындағы басты мәселелер бойынша ортақ мүдделердің көп екендігін атап өтті.

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры атап өткендей, қазақстандық құқық қорғау органдарының трансұлттық қылмыспен күресудегі шетелдік әріптестерімен күш-жігерін біріктіру Қазақстан Бас прокуратурасы жұмысының басым бағыты болып табылады.

Тараптар екі елдің құқық қорғау органдарының арасындағы өзара әрекет көпжақты және екіжақты түрде де жемісті жүзеге асырылып отырғандығын қанағаттанушылықпен атап өтті.

Осы сапардың барысында Қазақстанның Бас Прокуроры және Венгрияның Мемлекеттік әділет министрі екі елдің қылмыстылықпен күрес, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету ісіндегі ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған Қазақстан Республикасы мен Венгрия арасындағы қылмыскерлерді ұстап беру және сотталған адамдарды беру туралы шарттарға қол қойды. Сонымен қатар осы халықаралық құжаттар Қазақстан мен Венгрия азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың кепілі болуға бағытталған.

А.Дауылбаев еуропалық елдермен осы сияқты шарттарды жасасу еуропалық мемлекеттер тарапынан Қазақстанның құқықтық жүйесіне деген сенімінің артуының, біздің мемлекетіміздегі адамның құқығы мен бостандығын қорғаудағы кепілдемені қамтамасыз етудің жалпыға бірдей халықаралық стандартына жауап беретін тетіктердің құрылуының дәлелі екендігін ерекше атап өтті.

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.