Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас прокуратурада Қазақ гуманитарлық заң университетінің және Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студентерімен кездесу болып өтті.

Кездесудің басты мақсаты –дайындығы неғұрлым жоғары түлектерді жұмысқа іріктеп алу мақсатында прокуратураның заңгерлерді даярлайтын жоғары оқу орындарымен өзара іс-қимылын жандандыру болып табылады.

Кездесу барысында Кадр жұмысы департаментінің бастығы Роза Досымбекова болашақ заңгерлерге мемлекеттік органдар жүйесіндегі прокуратураның рөлі мен орны жөнінде, қадағалау қызметінің негізгі бағыттары, прокуратура қызметінің ерекшеліктері, прокуратура органдарына қызметке орналасушыларға қойылатын талаптар туралы әңгімелеп, студенттердің көптеген сұрақтарына жауап берді.

Болашақ заңгерлерді прокурорлық қызметке орналасу шарттары, кандидаттарды алдын-ала тексеру мен арнайы іріктеудің ерекшеліктері, прокуратура қызметкерлерін әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері қызықтырды.

Кездесу соңында қонақтар Бас прокуратураның мұражайын аралап, онда қазақстандық прокуратураның даму кезеңдері туралы баяндайтын экспонаттармен және тарихи құжаттармен танысты.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.