You are here

Бас әскери прокуратурада Үйлестіру және Қоғамдық кеңестерінің бірлескен отырысы өтті

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Астанада әскери басқару және қылмыстық қудалау органдары Үйлестіру кеңесінің және Бас әскери прокуратураның жанындағы Қоғамдық кеңестің бірлескен отырысы өткізілді. Онда әскердің оңтайлы бейнесін қалыптастырудың және азаматтардың әскери-патриоттық тәрбиесі жүйесін жетілдіру мәселелері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмыстарын ашу және тергеудің заңдылығының жай-күйі сөз болды.

Талқылауға өкілетті мемлекеттік, құқыққорғау және арнаулы органдардың, әскери ведомстволардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің және басқа да үкіметтік емес мекемелердің өкілдері қатысты.

Бірлескен отырысты ашқан, Үйлестіру кеңесінің төрағасы – Бас әскери прокурор Ерғали Мерзадинов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа әскерлері мен әскери құралымдарының имидждік саясатын жүзеге асырудың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық шаралардың  жеткіліксіздігі жағдайында, осындай форматтағы отырыстардың маңыздылығы зор екендігін атап өтті.

Бас әскери прокурор өз сөзінде әскери ведомстволардың бұқаралық ақпарат құралдарымен қарым-қатынасының жекелеген мәселелеріне тоқталды, ведомстволық баспасөзді оқуға деген қызығушылықтың азайғанын, сондай-ақ уәкілетті органдардың жұмысындағы шақырылымға дейінгі жастармен жұмысты ұйымдастырудағы елеулі кемшіліктерді тілге тиек етті.

Бас әскери прокурордың пікірінше әскердің имиджін көтеру үшін Қарулы күштерді насихаттаудың кешенді бағдарламасын енгізу керек. Оның айтуынша әскери-патриоттық газеттердің ребрендигі маңызды. Ведомстволық сайттардың жұмысы жетілдіруді қажет етеді.

Ерғали Мерзадиновтің ойынша идеологиялық экстремизмге қарсы тұру үшін жалпы әскери-патриоттық блокқа бұдан әрі бірігуі және мемлекет тарапынан қолдау қажет. Осы ретте, Бас әскери прокурор уәкілетті органдарға Үкіметтің жанындағы әскери-патриоттық тәрбиелеу Орталығын ашуды, алғашқы әскери дайындық сабақтарының сағат санын көбейтуді, әскери-қолданбалы спорт түрлерін және әскери-спорттық инфраструктураның нысандарын дамыту ұсынды.

Осы сұрақтарды талқылау барысынды жиынға қатысушылардың бірқатар бастамалары қаралып, қолдау тапты.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын ашу және тергеудің, оларды алдын-алу және профилактикалау шараларының тиімділігі заңдылығының жай-күйі жіті талданды.

Отырысқа қатысушылар мемлекеттік сатып алу және Мемлекеттік шекараны қорғау салаларындағы сыбайлас жемқорлықпен күресті, оның ішінде жаңа технологияларды дамыту жолымен күшейту қажеттігі туралы пікірмен бірауыздан келісті.

Бірлескен отырыс қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Бас әскери прокуратура

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.