You are here

Бас Прокурордың Үндістан Елшісімен кездесуі туралы (Астана қ, 2015 жылғы 23 қыркүйек)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас Прокурор Асхат Дауылбаев Үндістанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Харш Кумар Джайнмен кездесті.

Сұхбат барысында екіжақты ынтымақтастықтың, атап айтқанда, трансұлттық ұйымдасқан қылмыстылықпен және шарттық-құқықтық базаны кеңейтудің кең ауқымды мәселелері талқыланды.

Қадағалау ведомствосының басшысы Үндістан Елшісін Қазақстанның Бас прокуратурасының басым бағыттары жөнінен хабардар етіп, халықаралық байланысты екіжақты және көпжақты кеңейту еліміздің прокуратура органдары қызметінің басты құрамдас бөліктерінің бірі екендігін атап өтті. Ол заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету шаралары туралы, ұлттық заңнамадағы өзгерістер мен Елбасының бес институционалдық реформаларының жүзеге асуы жайында әңгімелеп берді.   

Тараптар трансұлттық қылмыстылыққа қарсы күрес Қазақстан мен Үндістанның уәкілетті органдары қызметінің басым бағыттарының бірі екендігін және осы өткізілген кездесу елдер арасындағы халықаралық-құқықтық ынтымақтастықтың одан әрі жоғары деңгейге көтерілуіне жетуге маңызды қадам болатындығын атап өтті. Жаңа компьютерлік және IT технологияларды, сондай-ақ киберқылмыстылыққа қарсы күрес аясын зерттеу саласында мамандар алмасу мәселесі де сұхбат барысындағы өзекті тақырыпқа айналды.  

Кездесудің соңында Елші жылы шырайлы қабылдауға ризашылығын білдіріп, мазмұңды әңгімесі үшін Бас Прокурорға алғыс айтты.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.