You are here

Бас Прокурордың Ұлыбритания Сыртқы істер министрінің орынбасарымен кездескені туралы баспасөз ақпараты (Астана, 2015 жылғы 8 қазан)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев  Ұлыбританияның Сыртқы істер министрінің орынбасары Тобайас Элвудпен және Ұлыбританияның Қылмыспен күрес жөніндегі ұлттық агенттігінің Орталық Азиядағы байланыс офицері және аймақтық үйлестірушісі Фредерик Хеллонмен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың деңгейі жоғары екендігіне тоқталып, бұрын қол қойылған келісімдердің шеңберіндегі бұдан былайғы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.

Сұхбаттасушылар халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жалпы стратегиялық мәселелерге қатысты мәселелер жөнінде ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Соның ішінде, ұйымдасқан трансұлттық қылмыстылыққа, терроризм мен экстремизмге, есірткі саудасына қарсы күрес саласында, сондай-ақ қоғамға қауіп-қатер төндіретін жоғары технологиялармен және басқа да қылмыстармен күрес турасында пікір алмасты. Экономикалық қылмыстарды, ақшаның ізін жасыруды, қылмыстық жолмен табылған кірістерді және активтерді қайтаруды анықтау мен тергеу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Сонымен қатар, шарттық-құқықтық базаның кеңейтуіне, қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсетуге, екіжақты шарттарда қарастырылған идеяларды жүзеге асыруға бағытталған ынтымақтастықтың нысандарын белсенді түрде дамытып отыру ұсынылды.

Ақпарат, тәжірибе және мамандар алмасу аясындағы құқықтық ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығы аталып өтілді. Бұл тұрғыда Бас Прокурор ұйымдасқан қылмыспен, есірткінің заңсыз айналымымен, терроризммен және экстремизммен күрес саласындағы британиялық тәжірибені игеруге қызығушылық танытты.

А. Дауылбаев қонақтарға қазақстандық прокуратураның қадағалау және құқық қорғау қызметінің негізгі бағыттары жайында, сондай-ақ Бас прокуратураның жанынан ашылған Құқық қорғау органдары академиясының жұмыс жоспары туралы әңгімелеп берді.

Т. Элвуд жылыжүзді кездесу үшін алғыс айтып, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың дами беретіндігіне және оның мәні толыға түсетіндігіне сенім білдірді.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.