You are here

Бас Прокурордың Түркия Республикасының елшісімен кездесуі туралы (Астана қ., 2015 жылғы 14 желтоқсан)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас Прокурор Асхат Дауылбаев Түркия Республикасының Қазақстан РеспубликасындағыТөтенше және Өкілетті елшісі Невзат Уяныкпен кездесті.

Жоғары мәртебелі қонаққа қошамет көрсете отырып, Қазақстанның Бас Прокуроры заңдылықты қамтамасыз ету және қылмыспен күресу мәселелері жөніненТүркияның құзырлы органдарымен қалыптасқан тығыз ықпалдастыққа аса жоғары баға беріп, құқықтық саладағы мемлекетаралық келісімдерге толығымен қол қойылғандығын ерекше атап өтті.

А.Дауылбаев Қазақстанның Бас прокуратурасының басым бағыттары жөнінде,оның ішінде халықаралық құқықтық ынтымақтастық саласындағы жұмыс туралыхабардар етті.   

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері, ең алдымен трансұлттық қылмыстылыққа қарсы күрес туралы пікір алмасылды.

Сұхбаттасушылар бұдан былайғы өзара ықпалдастықтың болашағы зор бағыттары жөнінде талқылап, аймақтық және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қазіргі әлемнің қауіп-қатерлеріне қарсы тұру бойынша ортақ стратегиялық міндеттерге қатысты мәселелерде ынтымақтастықты жалғастыру ниетін айқындады.

Елші жылы шырайлы қабылдауға ризашылығын айтып, құқықтық саладағы қазақ-түрік ынтымақтастығын дамытуға дайын екендігін білдірді.

Бас прокуратураныңбаспасөзқызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.