You are here

Бас Прокурордың ТМД Байқаушылар миссиясы Штабының Басшысымен кезедесуі туралы баспасөз ақпараты (Астана, 2016 жылғы 15 наурыз)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев ТМД Байқаушылар миссиясы Штабының Басшысы Евгений Слободамен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және маслихаттар депутаттарын кезектен тыс сайлау кезеңіндегі заңдылықты қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

Бас Прокурор сұхбаттасушыны электоралдық процестің заңдылығын қамтамасыз ету бойынша прокурорлар қабылдаған ұйымдастырушылық шаралар, түскен шағымдардың сипаты және оларды шешу нәтижелері туралы ақпараттандырды. 

А.Дауылбаев жалпы сайлау науқаны құқықтық өріс аясында өтіп жатқанын және прокурорлардың сайлау туралы заңнаманы өрескел бұзушылықтар тіркемегенін атап өтті.

Е.Слобода ТМД Байқаушылар миссиясы жұмысының функциясы мен мақсаттары туралы баяндады, Қазақстандағы Парламент Мәжілісінің депутаттарын кезектен тыс сайлауды дайындау мен өткізуге қатысты әсерімен бөлісті.

Тараптар мемлекеттік органдардың, оның ішінде прокуратура органдарының сайлаудың айқындығын қамтамасыз ету бойынша күш-жігерін атап көрсетті.

А.Дауылбаев Бас прокуратураның электоралды кезеңде заңдылықты қамтамасыз етумен байланысты барлық мәселелер бойынша халықаралық байқаушылармен сындарлы сұхбатқа дайын екенін атап өтті.

Пікірлермен алмасу барысында Е.Слобода өзінің сұрақтарына толық жауаптар алды және мағыналы сұхбат үшін алғысын білдірді.

Бас прокуратураның Баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.