Бас Прокурордың Словакия Республикасына сапары туралы баспасөз ақпараты (6 наурыз 2013 ж., Братислава қаласы)

07 наурыз 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас Прокурор Асхат Дауылбаев жұмыс сапарымен Словакия Республикасына барып, Словакия Бас прокурорының міндетін атқарушы Ладислав Тихиймен және Әділет министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Моника Янковскаямен кездесті.

Кездесу барысында тараптар екі жаққа мүдделі жан-жақты, атап айтқанда, қылмыстылықпен күрес саласындағы мәселелерді талқылады.

Осыған орай, екіжақты қатынасқа қосымша импульс беретін Қылмыстық істер бойынша Қазақстан мен Словакия арасындағы өзара құқықтық көмек көрсету туралы шартқа жақын арада қол қойылу мүмкіндігі туралы мәселелер келіссөздің маңызды тақырыбы болды.

Л.Тихий мемлекеттің халықаралық құқықтық саясатын жүзеге асырудағы Қазақстан прокуратурасының рөлін жоғары бағалай отырып, Словакияның Бас прокуратурасы аталмыш Шартқа жақын арада қол қойылуына және оның әрі қарай жүзеге асырылуына бар күш-жігерін салатындығы туралы ілтипатын білдірді.

Әділет министрлігінің Мемлекеттік хатшысымен кездесу барысында сұхбаттасушылар заңдылықты және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қазіргі әлемнің қауіп-қатерлеріне қарсы әрекет жөніндегі күш-жігерлерін ұйымдастыру мәселелері бойынша мүдделі ынтымақтастықтың жалғасуына ниетті екендерін растады.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

www.prokuror.kz
twitter.com/#!/GenProkRK
facebook.com/GenProkRK
www.youtube.com/user/GenProkRK
vk.com/Basprokuratura

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу