Бас Прокурордың Словакия Республикасы Әділет министрлігінің Мемлекеттік хатшысымен кездесуі туралы баспасөз ақпараты (13 қазан 2014 жыл, Астана қаласы)

13 қазан 2014 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев Словакия Республикасы Әділет министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Моника Янковскаямен екіжақты кездесу өткізді.

Әңгіме барысында тараптар құқықтық саладағы ынтымақтастық перспективаларын, сондай-ақ екі ел арасындағы шарттық-құқықтық базаны кеңейту мәселелерін талқылады. Словак делегациясының сапары қалыптасқан екіжақты қарым-қатынастарды ары қарай дамыту, екі елдің құқықтық жүйелерін жетілдіру тәжірибесімен алмасу үшін маңызды қадам екені атап өтілді.

А.Дауылбаев әріптесін Қазақстанның құқық қорғау жүйесін реформалау барысы, жаңа қылмыстық заңнаманың концептуалды ережелері, сондай-ақ адам құқықтарын қорғау кепілдіктерін күшейту саласында қабылданып отырған шаралар туралы хабардар етті.

Кездесу барысында қылмыспен күрес проблемалары тақырыбы ерекше орын алды. Осыған орай Бас Прокурор бұл салада құзыретті органдар атқарып жатқан қылмысқа төтеп беру жөніндегі жұмыс, таяу және қиыр шетелдің құзыретті органдарымен трансұлттық қылмысқа төтеп берудегі ықпалдастық туралы әңгіме қозғады.

Әңгімелесушілер ынтымақтастық салаларын кеңейту және нығайтуға қызығушылықтарын растады. 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу