You are here

Бас Прокурордың ШЫҰ Байқаушылар миссиясының басшысымен кездесуі туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., 2015 жылғы 25 сәуір)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас Прокурор Асхат Дауылбаев Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы бойынша Шанхай ынтымақтастық ұйымының Байқаушылар миссиясының басшысы, ШЫҰ-ның Бас хатшысы Дмитрий Мезенцевпен кездесті.   

Кездесу барысында А.Дауылбаев сұхбаттасушысын прокуратура органдарының конституциялық құзыреттері жөнінде және сайлау науқанының заңдылығын қамтамасыз ету, соның ішінде сайлау заңнамасының бұзушылықтары туралы өтініштерді қарау бойынша жүргізіліп отырған жұмыстар туралы ақпараттандырды. Бұл ретте, сайлау кезеңі тыныш атмосферада және құқықтық алаң шеңберінде өтіп жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ Бас Прокурор құқық қорғау жүйесін жаңғырту барысы туралы, жаңартылған қылмыстық заңнаманың әрекет ету жағдайындағы құқық қорғау органдарының жұмысы туралы, адам құқықтарын қорғаудың кепілдіктерін күшейту жөніндегі шаралар жөнінде айтты.

А.Дауылбаев Д.Мезенцевті ағымдағы жылы Астана қаласында өтетін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының кезекті отырысының жұмысына қатысуға шақырды, онда қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге бірлесіп қарсы тұру, аймақтағы интеграцияны күшейту және тұрақтылықты нығайту мәселелері талқыланатын болады.

Пікір алмасудан кейін ШЫҰ-ның Бас хатшысы кездесудің аяғында сындарлы сұхбат және мағыналы кездесу үшін ризашылығын білдірді.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.