You are here

Бас Прокурордың Швейцария Конфедерациясына сапары туралы баспасөз ақпараты (23 сәуір 2013 ж., Берн қ.)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас Прокурор Асхат Дауылбаев Швейцария Конфедерациясына сапармен барды, онда ол Бас прокурор Михаэль Лаубермен кездесті.

Кездесу барысында тараптар қол жеткізілген ынтымақтастықтың деңгейіне ризашылықтарын білдіріп, оны одан әрі дамыту үшін әлеует бар екенін атап өтті. Өзара мүдделі болып танылатын, соның ішінде трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес саласындағы кең ауқымды мәселелер талқыланды.

Еуропа Кеңесінің қылмыстық сот өндірісі жөніндегі төрт конвенциясына қосылуы туралы Қазақстанның өтінімі сұхбаттың маңызды тақырыбы ретінде болды. А.Дауылбаев швейцариялық тарапты қадағалау мен құқық қорғау қызметі саласында қол жеткізілген нәтижелер туралы таныстырып, қылмыстық қудалау барысында адам құқықтарын қорғауға, Қазақстанның адам құқықтары саласындағы негізгі халықаралық шарттарға қосылуымен байланысты міндеттемелерді орындауға прокурорлардың ерекше көңіл бөлетінін атап көрсетті.

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазақстан құқық қорғау органдарының ұйымдасқан және трансұлттық қылмыспен күресте тәжірибесі бар елдермен сындарлы диалогты орнатуға және дамытуға, сондай-ақ қылмыстық істер бойынша қажетті ақпаратпен алмасуға мүдделі екенін ерекше атап өтті.

М.Лаубер қазақстандық прокуратураның елдегі халықаралық-құқықтық саясатты жүзеге асыру рөлін жоғары бағалады және заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі стратегиялық міндеттемелерге, өңірлік қауісіздікке және қазіргі заманғы қыр көрсетулер мен қауіп-қатерлерге қарсы бірлескен күрес үшін күш-жігерлерді біріктіруге байланысты мәселелер бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі екенін растады.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

www.prokuror.gov.kz

twitter.com/#!/GenProkRK, facebook.com/GenProkRK, youtube.com/user/GenProkRK, vk.com/Basprokuratura, el.kz/b194634, genprokrk.yvision.kz, kaztube.kz/ru/channel/62212,  kiwi.kz/user/GenprokRK

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.