You are here

Бас Прокурордың Сауд Арабия Елшісімен кездесуі туралы баспасөз ақпараты (Астана қаласы, 2015 жылғы 15 сәуір)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас Прокурор Асхат Дауылбаев Қазақстан Республикасындағы Сауд Арабия Карольдігінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Горм бен Саид Аль Малханмен кездесті.

Кездесуге қатысушылар екіжақты ынтымақтастық мәселелерінің кең ауқымды мәселелерін талқылап, ең алдымен, ұйымдасқан трансұлттық қылмыспен күресу саласы мен құқықтық-шарттық базаны кеңейту бойынша пікір алмасты.

А. Дауылбаев Сауд Арабия Елшісін ҚР Бас прокуратурасының негізгі қызмет бағыттарынан хабардар етіп, екіжақты, сондай-ақ көпжақты форматта халықаралық-құқықтық ынтымақтастықты кеңейту Қазақстан прокуратура органдары қызметінің басты бөлігінің бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ ол заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі қадамдар туралы айтып, қылмыстық қудалауда адам құқығын қорғау прокурорлардың ерекше назарында екендігін атап өтті.

Тараптар трансұлттық қылмысқа қарсы күрес Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабия Корольдігінің уәкілетті мемлекеттік органдары қызметінің басым бағыттарының бірі екенін, осы кездесудің екі елдің құқықтық жүйелері арасындағы ынтымақтастықты жоғары деңгейге жеткізу жолындағы тағы бір маңызды қадам болатындығын атап өтті.

Кездесу соңында Елші еліміздің қадағалау органының басшысына жоғары құрметін білдіріп, көрсетілген жылы қабылдауға және мазмұңды сұхбатқа шын жүректен алғысын білдірді.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.