You are here

Бас Прокурордың Румынияға сапары туралы баспасөз ақпараты (Бухарест, 14 қараша 2014 ж.)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін, а.ж. 14 қарашада Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев Румынияға сапары барысында осы елдің Әділет министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Симона-Майя Теодороюмен келіссөз жүргізді.

Кездесу барысында сұхбаттасушылар қылмысқа қарсы іс-қимыл жасау,  заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ халықаралық қауіпсіздік салаларында одан әрі ынтымақтасудың келешегі жөніндегі мәселелерді талқылады.

Кездесудің нәтижесінде Қазақстан Республикасы мен Румыния арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек, қолға түскен қылмыскерлерді беру және сотталған адамдарды беру туралы үш мемлекетаралық келісім-шартқа қол қойылды.

Қазақстанның бас қадағалау органының басшысы атап өткендей, бұл біздің ел үшін еуропалық қауымдастықпен жақындасу жолындағы кезекті және аса маңызды қадам болды, себебі Румыния Қазақстанмен қылмысқа қарсы күрес саласындағы мемлекетаралық шарттардың барлығына қол қойған еуропалық мемлекеттердің қатарына қосылды.

Тараптар қол жеткізілген келісімдер екі мемлекеттің құқық қорғау органдарының ынтымақтастығын нығайтуға және Қазақстан мен Румыния азаматтарының конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау ісінемаңызды үлес қосуға бағытталғандығын қанағаттанарлық сезіммен атап өтті.

Сонымен қатар А.Дауылбаев аталған келісім-шарттардың бекітілуі Қазақстанның құқық жүйесінің қарыштап дамып келе жатқандығының және біздің елімізде адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ететін халықаралық үлгідегі көпшілік мойындаған құқықтық тетік құрылғандығының белгісі болып табылатындығын атап өтті

Қазақстанның Бас Прокуроры өз сапары барысында Румынияның Бас прокуроры Тибериу-Михаил Нитумен де кездесті. Тараптар халықаралық қауіпсіздік мәселелері бойынша пікір алмасып, трансұлттық ұйымдасқан қылмысты ескерту және болдырмау бойынша үйлестірілген іс-қимыл жасаудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен бірге, тараптар бекітілген келісім-шарттарды жүзеге асыру мәселелерін талқылады, екі мемлекеттің қадағалау органдарының қалыптасуы мен даму тәжірибелері бойынша ақпарат алмасты, сондай-ақбұдан арғы ынтымақтастықтың келешегін саралады.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.