You are here

Бас Прокурордың Ресей Федерациясы Президентінің кеңесшісімен кездесуі туралы баспасөз ақпараты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Жақып Асанов Ресей Федерациясы Президентінің кеңесшісі Вениамин Яковлев бастаған  ресейлік делегациямен кездесті. Делегация құрамында Әділет министрлігінің, Тергеу комитетінің, Жоғарғы соттың, Федералдық адвокаттар палатасының, Мәскеу заң академиясының және т.б. өкілдері бар. 

 Кездесуге қатысушылар қазақстандық және ресейлік құқық қорғау органдарының одан әрі ынтымақтастығының, заңдылықты қамтамасыз етудегі және қылмыспен күрестегі прокуратураның үйлестірушілік рөлін күшейтудің перспективалық бағыттарын талқылады. Сұхбаттасушылар қазіргі заманның сын-тегеуріндері мен қауіп-қатерлеріне тиімді қарсы тұру, аймақта тұрақтылықты нығайту үшін өзара әрекет етуді жандандырудың маңыздылығын атап өтті.

Бас Прокурор қонақтарға қадағалау органдарының сот ісін жүргізудегі бітімгершілік рәсімін енгізу, қылмыстық, қылмыстық-процестік және азаматтық-процестік заңнамаларды жаңғырту  жөніндегі бастамалары туралы ақпарат берді.

Сондай-ақ құқық қорғау және сот жүйесіндегі реформалармен, Қазақстанда прокурорлық кадрларды іріктеу және дайындау тетіктерін жетілдірумен байланысты мәселелер талқыланды.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кәсіби дайындау туралы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Ұлан Байжанов баяндап берді.

В.Яковлев жылы қабылдау және мазмұнды сұхбат үшін алғыс білдіріп, осы кездесудің нәтижелі ынтымақтастықты одан әрі арттыру, екі елдің құқықтық жүйелерін дамыту тәжірибесімен алмасу жолында маңызды қадам болатынын атап өтті.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.