You are here

Бас Прокурордың орынбасары Нұрмаханбет Исаевтың «Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында заңдылықты қадағалау саласындағы прокурор қызметінің нәтижесі туралы» брифингте сөйлеген сөзі (Астана қ. 2015 жылғы 23 желтоқсан)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Құрметті журналистер!

 

Мен бүгін қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі өндіріс заңдылығын қадағалау мәселесін қозғағым келеді. Аталған бағыттағы қадағалауды еліміз бойынша барлығы 516 прокурорлар (жалпы санының  11%) жүзеге асырады, олар 830 мың қылмыстық істің тергеуіне қадағалау жасап, олардың 57 мыңын сотқа жолдады.   

Олар 120 мың өтініш те қарады.

Демек, әрбір прокурорға орта есеппен 1600-дан астам істен және 230-дан астам өтініштен келеді.

*       *        *

Өздеріңізге белгілі, бұрын арыз жазылған кезден бастап қылмыстық іс қозғалғанға дейін 2 ай өтуі мүмкін еді, ал бүгін хабарды Бірыңғай тізілімге тіркеу – бұл сотқа дейінгі тергеп - тексерудің басталуы болып саналады.

Көбісі сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуын қылмыстық қудалаумен шатастырады. Бұлар мүлдем басқа ұғымдар. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында органдар тек істің барлық мән-жайын анықтайды, ал қылмыстық қудалау бұл тұлғаны ол үшін туындайтын барлық салдарларымен нақты бір айыптау болып табылады. Яғни, біз сотқа дейінгі тергеп-тексерудің жаңа үлгісін енгізе отырып, адамдарды бірінші тергеу алды тексеру кезінде сұрастырып, одан кейін тергеу барысында бірнеше рет жауап алу түріндегі бұрынғы теріс тәжірибені біржола жойдық.

Қазір прокурорлардың міндеті – ашықтан-ашық негізсіз тергеудің жолын кесу (409) және айқын құқық бұзушылықтың жасырылуына жол бермеу (376). 

Атап өту керек, бұл жұмыста біздің күдіктендей жаппай сипат алған жасырылған қылмыстармен өткен жылдардағы ымырасыз күрес маңызды рөл атқарды.  

Егер бұрын тек прокурорлар бес-алты жарым мың шамасында осындай қылмыстар анықтаған болса,  қазір олар тек 376 немесе 0,1% (2010 жылы – 5561, 2011 жылы – 6666, 2012 жылы – 2471, 2013 жылы – 1712, 2014 жылы – 1512, 2015 жылы - 376).

Бұл ескі ойлаудың сынықтары және біз оларды бұрынғыдай жылдар бойы созылуы мүмкін қосымша тергеуге дейінгі тексерудің заңсыз тәжірибесін құртқандай, жақында жоямыз. 

(Мұндай бұзушылықтар үшін 1500 қызметкер жазаланды,109-ы бойынша тергеу басталды).

Әрине, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің Бірыңғай тізілімі енгізілгеннен кейін көптеген мәселелер жойылды, құқық бұзушылықты есепке алу жүйесінің өзі түбегейлі өзгерді, бірақ біз бұған дайындықпен келдік.

*       *       *

Бір мезгілде қылмыстық қудалау органдарының көрсеткіштерін қолдан көтеруді жою бойынша шаралар қолданылды, бұрын бір адамның есірткі сату дерегін бірнеше рет құжаттау арқылы әрбірі бойынша қылмыстық істер қозғалып, осылайша мұндай қылмыстың анықталуы мен әшкереленуі қолдан көтерілетін еді.    

Біздің араласуымыздан кейін мәліметті қолдан көбейту жоқтың қасы.

Осы тектес жағдайлар қылмыстық қудалау органдарының көрсеткіштеріне әсер ететін пара алушылықтың және басқа да қылмыстардың анықталуымен байқалатын еді, алайда біз бұл жағымсыз беталыстың жолын кестік.

*       *       *

Негізгі кезең – бұл сотқа дейінгі тергеп-тексеру.

Бұл жерде прокурордың қызметі өте маңызды.

Егер біз бір жерлерде тергеуші дұрыс жасамағанын  немесе қандай да бір маңызды айғақтарды көрмей кеткенін көрсек, онда біз жазбаша нұсқау береміз. Осы жылы оның саны 18 мыңнан асады (18175).

Тергеудің көбінесе тұлғаны ұстаумен ұштасатыны белгілі.

Бұрын прокурорлар жыл сайын мыңнан аса азаматтың қызметтік бөлмелерде заңсыз ұсталуын  анықтайтын  еді.   

Бұл проблеманы шешу үшін біз құқық қорғау органдары ғимаратына жеткізілгендердің электронды есебін енгіздік, бұл ахуалды жақсы жағына қарай өзгертті.  

Мұндай есептің мағынасы қарапайым –келушінің полиция органына кірген және шыққан уақыты компьютерге белгіленеді. Ұсталғанның ғимаратта 3 сағаттан астам процестік рәсімдеусіз болуы біздің талқылауымыздың нысанасы болады.

2014 жылдың өзінде мұндай тұлғалар саны 459-ға дейін азайған. Ал, биылғы жылы тағы да екі есе төмендеген (403 тен 212 ге дейін, 47% азайған).

Бұдан басқа, прокурорлар 47 азаматтан негізсіз күдікті алып тастады. Өздеріңіз түсінетіндей, олардың әрқайсысы үшін бұл есеңгіреу, моральдық шығын, бүлінген абырой және т.б. түрдегі салдарға әкеледі.  

Қылмысты әшкерелеу мақсатында қызметкерлердің физикалық және психикалық әсер ететін рұқсат етілмеген тергеу әдістерін қолдану, бір сөзбен айтқанда - қинау деректері аз емес.

Тәртіпке келтіру үшін Бас Прокурордың Нұсқауымен мұндай деректер бойынша тергеу жүргізу прокурорларға жүктелді.

Нәтижесінде, егер бұрын қинау туралы істер бірен-саран болса, онда жұмысты жетілдірілген сәттен бастап 47 іс сотқа жолданды, олар бойынша 82 қызметкер сотталды.

Тергеу әрекеттерін санкциялау сатысында немесе соттың санкциясын алу жөніндегі тергеушінің талап-тілегін қолдауда прокурордың рөлі едәуір маңызды, себебі бұл азаматтардың конституциялық құқықтарына, оның ішінде олардың бостандықтарына, тұрғын үйге қол сұғылмаушылыққа, меншік құқықтарына, жеке өмірі құпиясына және т.б. әсер етеді.    

Бұл шамамен 41 мың санкцияланған алулар (20914), тінтулер (1634), жасырын тергеу (18599) және басқа да әрекеттер.

Бұл ретте, прокурорлар санкциясыз жүргізілген 60 тінтуді (14) және алуды (46) заңсыз деп таныды, 1800 ден астам (1824)  жасырын тергеу әрекеттеріне санкция беруден бас тартты.

Санкциялау тақырыбын аша отырып, 3 тәулік ұстағаннан кейін адамды күзетпен ұстау немесе оны босату мәселесінің шешілу міндетіне жеке тоқталып өткім келеді. 

ҚПК бойынша соттан мұндай санкция алу үшін тергеушінің талап-тілегі прокурор арқылы өтеді.

Тек биылғы жылы прокурорлар 12 мыңнан астам (11922) тергеушінің осындай талап-тілектерін қарап, оның 2000 жағдайында (2066) бас тартқан, яғни, әрбір алтыншы ұсталушы сотта қаралуын күтпей-ақ негіздің болмауына байланысты босатылған. 

Салыстыру үшін айтайын, ү.ж. 9 айында тергеу судьялары 8500 талап-тілектің тек 127-сінен немесе бір жарым пайызынан бас тартқан, оның ішінде 19-на прокурорлар наразылық келтіріп, оның 9-ы күшін жойған.

Бұл прокурорлық сүзгінің қосымша құқықтық кепіл ретінде болатынын көрнекі түрде көрсетеді.

Осыған орай, әлемдік тәжірибенің нақ осы үлгісін біз бұл өкілеттіктерді тергеу судьяларына беру кезінде қолдадық.

Ал, заң рұқсат етсе, біз  күзетпен ұстау орнына кепілді жиі қолданамыз.

Сіздер мына сандар арқылы барлығының қалай өзгергеніне көз жеткізе аласыздар (2010 жылы кепіл 24 тұлғаға қолданылса, 2011 жылы – 18, 2012 жылы – 20).

Қазір кепілдің үлесі барлық бұлтартпау шараларының 44 пайызын  құрайды.

Нәтижесінде күзетпен ұсталғандар саны 2013 жылдан бүгінгі күнге дейін 32%-ға немесе 4 жарым мың тұлғаға төмендеді. 

Бұл ретте, кепіл шарттарын бұзумен байланысты кепіл берушілердің 197 млн. теңге құрайтын мүліктері мемлекет пайдасына аударылды. 

*       *       *

Тергеудің аяқталуы бойынша іс не сотқа жолданады, не өндірістен тоқтатылады. 

Дегенмен, істердің басым көпшілігінің мерзімдері (260 299) кінәлі тұлғалардың анықталмауына байланысты үзіледі.

Бұл істердің барлығын да прокурор зерделеуге және қабылданған шешімге баға беруге міндетті.  

Прокурорлар 24 мыңнан астам (24166) қаулының  күшін жойған, қосымша тергеу амалдарын жүргізу үшін 1200-ден астам (1289) іс қайтарылған және 14 мың іс (13994) тоқтатылған.

Жалпы, сотқа дейінгі сатыдағы қадағалау азаматтардың конституциялық құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етеді.

Тергеу барысында құқығы шектелген тұлғалардың саны 71%-ға дейін елеулі түрде азайған (азаматтарды заңсыз ұстау деректері 26-дан 3-ке, заңсыз қылмыстық жауапкершілікке тарту 93-тен 41-ге, заңсыз күзетпен ұстау 17-ден 7-ге азайған).

Органдар қызметкерлерінің әрекеттері заң бұзушылықпен ұштасқан деректер бойынша қадағалау актілерімен (5254) 4700 ден астам (4725) қызметкерлер жазаға тартылған. 

Тұлғаны ақтау немесе қылмыстық істерді тоқтату туралы сот актілері де 46-ға азайды (71). Бұл өткен жылдың үштен бір бөлігі.

Алайда, қылмыстық процестің түбегейлі өзгеруі (істі қосымша тергеуге қайтару институтын алып тастау)  іс жүзінде ақтау үкімдері санының айтарылықтай өсуіне әкеп соқтыруы тиіс еді, біз мұны ешкімнен жасырғанымыз жоқ, керісінше бұл туралы айттық және осыны күттік.

Шын мәнісінде, ақтау санының қисынсыз себептермен азаюы орын алды және бұл судьялардың көлегейленген нысандағы мәмілелері бойынша істерді қайта тергеуге жолдауымен тығыз байланысты болды.

Алдыңғы күні бұл проблема Жоғарғы Сотта талқыланды, біз өз ұстанымызға толықтай қолдау таптық, жергілікті прокурорлар мен судьялардан істі соттан қайтару дерегін болдырмау талап етілді, себебі адам сот ғимаратынан ақталып немесе сотталып шығуы керек.

*       *       *

Істі басталған сәттен сот үкімі қабылданғанға дейін ұдайы жүргізетін біздің процестік прокурор қадағалау институтының енгізілуін ерекше айта кету керек.

Жыл басынан бері процестік прокурорлар 1129 маңызды қылмыстық істер бойынша процеске қатысты.

Біздің пікірімізше, алдағы уақытта прокурорлық қадағалаудың дамуы еуропалық үлгіде жүзеге асырылуы керек. Ол жақта прокурорлар қадағалауды тергеуге оның бағытын анықтап, тергеушінің әрекетін үйлестіру жолымен процестік басқару арқылы жүзеге асырады, содан кейін  айыпты сотта қолдайды.  

*        *        *

Менің жоғарыда атап өткен барлық сатыларда қылмыстық процеске қатысушылардың тергеп-тексеру органдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) прокурорға, ал прокурордың шешімін жоғары тұрған прокурорға немесе сотқа шағымдануына құқылары бар.

Халықтың сенім деңгейі  өтініштің қаралу сапасына байланысты  екені түсінікті.

Сондай-ақ, бұл салада қиындықтар бар және біз ол туралы білеміз.

Біріншіден, оған біздің саламыз бойынша келіп түскен өтініштер көлемінің өсуі  аз да болса  өз әсерін тигізіуде. 

Мен жоғарыда қадағалау прокурорларының 120 мың  шағымды қарағанын айтып өткен болатынмын, бұл өткен жылдан (107 мың) 13 мыңға көп. Жылдан жылға өсудің бұл беталысы өткен кезеңдерде де байқалды және жалпы көпшіліктің  40 пайызынан ешқашан төмен түскен емес.

Екіншіден, біздің тарапымыздан шағымдар жалпы тәртіпте бір ай мерзім ішінде емес, ҚПК-ке сәйкес өте тығыз мерзімде, 7-ден 15 тәулік, ал жекелеген мәселелер бойынша  3 тәулікке дейін қаралатынын ерекше атап өткім келеді (ұстау, тінту, алу, мүлікке тыйым салу, күдікті деп тану, күдіктінің әрекетін саралау, қызметтен шеттету, сол сияқты   барысындағы қинау, қорқыту немесе қорғану құқығын бұзу кезінде орын алатын заң бұзушылықтар бойынша).

Бұл біздің келесі шараларды қабылдауымызға себепші болды.

Егер бұрын шағымды қарау нәтижесі бойынша жәй жазбаша жауап берілген болса, қазіргі уақытта прокурорлар арызданушының барлық мән-жайы бойынша толықтай жауаптары көрсетілген арнайы қаулы шығарылады.

Осының нәтижесінде, қайта шағымдану деректері 50 пайызға (817-ден 415-ке) азайды, себебі арызданушыға шағымындағы уәждер не себепті бекітілмегендігі түсінікті болуда.   

Бұдан басқа, Бас Прокурордың Нұсқауы қабылданды, бұл шағымды қараудың көп жылдардан бері қалыптасқан бюрократтық 9 сатылық рәсімін 3-ке дейін қысқартты (аудан, облыс, Бас Прокурор және оның орынбасары).  

Қазіргі кезде жауаптар тек аудан прокурорымен, содан кейін облыс прокурорымен беріледі, ал бұдан кейін арыз бірден Бас прокуратураға түседі.

Бірақ, мен азаматтарға прокурор мен қылмыстық қудалау органының шешімдері мен әрекеттері бойынша бүкіл әлемдегідей бірден сотқа шағымдануды ұсынамын. Бұл алгоритм шағымданушыларға өздерін жан-жаққа жүгіртпей, сұрақтарын 3-тен 10 тәулік аралығында шешуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақыттың өзінде сот тарапынан 250-ден астам осындай шағым қаралып, оның 16 пайызы (41) қанағаттандырылған.

Біздің пікірімізше, болашақта прокурордың және тергеушінің шешіміне шағымдану осындай үлгіде болады.  Бұл жүргізіліп жатқан сот бақылауын күшейту саясатына сәйкес келеді, оны дамыту қажет.

Сол сияқты, біз азаматтардың прокурорға жазатын өтініштерінің үлгісін жасақтадық, ол қолжетімді жерлерге ілінді.

Енді азаматтар қашан және кімге жазатынын нақты білетін болады, бұл олардың аталған рәсімдерін айтарлықтай жеңілдетеді.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.