You are here

Бас Прокурордың орынбасары бизнесті қорғау бойынша шаралар туралы баяндады

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

25 қыркүйек 2017 жыл, Астана қ. Бас Прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов Қазақстанның машина жасаушылары V-Форумына қатысты. Форумның басты тақырыбы бизнестің мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлармен өзара қарым-қатынасы, әкімшілік кедергілерді қысқарту мен отандық машина жасауды одан әрі жетілдіру болды.

Бас Прокурордың орынбасары Форум қатысушыларына прокуратура тарапынан бизнесті жүргізу үшін қолайлы және қауіпсіз жағдайды қалыптастыру бойынша қабылданған шаралармен бөлісті.

Баса назар қылмыстық процеске аударылды.

М. Ахметжанов: «Дәл осы қылмыстық процесте қатаң қысымға алу фактілері шенділер тарапынан орын алады. Бұл диірменге тартылған компаниялардың жартысына жуығы өз жұмысын тоқтатты», - деді.

Сонымен қатар ол жағдайды өзгертуі үшін ведомствомен Экономикалық қылмыстарды тіркеу ережелеріне өзгертулер енгізілгенін айтты.

Нәтижесінде қылмыстардың саны 4 есеге қысқарды.

«Ең бастысы – жалған кәсіпкерлік декриминализациялады, онымен бірге бірі қалмастан салыққа түзетпе жасалды. Қылмыстық процестің өзін одан әрі жетілдіріп, сонымен қатар адвокаттардың айғақтарды жинау бойынша мүмкіндіктерін кеңейтілетін болады», - деді Бас Прокурордың орынбасары.

Сондай-ақ баяндамашы ведомствоның «Электрондық қылмыстық іс» атты жобасы жөнінде де айтты. Жоба артық функциялардан, қағазбастылық бен айғақтарды бұрмалауды болдырмауға мүмкіндік береді, сонымен қатар кәсіпкерлерді тексерістер туралы ескертетін «Қамқор» мобильді бағдарламасына да тоқтала кетті. 

Сөз барысында прокуратура органдарының Құқық қорғау қызметтері орталығымен көрсетілетін қызметтер жайлы да айтылды.

Прокуратураның жаңа бастамалары мен инновациялық жасалымдары кәсіпкерлік қоғамдастық пен форумға қатысушы мемлекеттердің қызығушылығын тудырды, сондай-ақ олар өзара тәжірибе алмасу туралы тілектерін білдірді.

Форумға Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Мамин А.Ұ., Инвестициялар және даму министрі Қасымбек Ж.М., Қазақстандағы Австрия Елшісі – доктор Герхард Сайллер, сонымен қатар машина жасау саласындағы мемлекеттік органдардың, халықаралық және республикалық мекемелердің басшылары қатысқандығын ескерте кетеміз.

 

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

 

71 28 19

71 27 66

press@prokuror.kz

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.