You are here

Бас Прокурордың Орталық Азия бойынша Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымының Үйлестірушісі Деян Кесеровичпен кездесуі туралы баспасөз ақпараты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас Прокурор Асхат Дауылбаев Орталық Азия бойынша Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымының Үйлестірушісі және Қазақстан Республикасындағы Өкілдігінің Басшысы Деян Кесеровичпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында екіжақты құқықтық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері талқыланды.  Қазақстанның құқықтық заңнамасын реформалау және жаңғырту, сондай-ақ адам саудасына қарсы күрес саласында ынтымақтасу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

А.Дауылбаев қонақты прокуратура органдарының басым бағыттары, Қазақстанда мигранттардың құқықтарын қорғау және заңсыз көші-қонға қарсы күрес саласында қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті.

Халықаралық ұйымның өкілі жылы лебізді қарсы алу үшін ризашылығын білдіріп, өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға үміттенетінін айтты.

Кездесу нәтижесінде тараптар адам саудасына қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша Өзара түсіністік меморандумына қол қоюға уағдаласты.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

www.prokuror.kz
twitter.com/#!/GenProkRK
facebook.com/GenProkRK
www.youtube.com/user/GenProkRK
vk.com/GenProkRK

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.