Бас Прокурордың наразылықтары бойынша екі азамат ақталды

18 қазан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас Прокурор  Қ. Қожамжаров заңсыз сотталған Д. Мырзакулов пен Р. Габдрауфоваға қатысты қылмыстық істерді тоқтату туралы  Жоғарғы Соттың алдында бастамашылық жасады.

Мырзакуловты 2015 жылы Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық соты ірі мөлшерде ұрлық жасағаны, сондай-ақ  ұрлық жасауға оқталғаны үшін 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.

Бас прокуратура қылмыстық іс материалдарын зерделеудің нәтижесінде дәлелдемелердің ойдан құрастырылғанын, ал кінәнің дәлелденбегенін анықтады.

Жоғарғы Сот  2018 жылғы 16 қазанда Бас Прокурордың уәждерімен толығымен келісіп, Мырзакуловты кінәсіз деп тапты.

Аталған азамат колонияда жазасын 3 жыл 2 ай 20 күн заңсыз өтеді.

 

***

 

Тараз қалалық соты 2016 жылы Габдрауфованы жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалғаны үшін 1 жылға бас бостандығын шектеп,1 жыл 6 ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырды.

ҚК 347-бабына сай, ЖКО болған жерден кетіп қалғаны үшін қылмыстық жауаптылық ауыр салдарға әкеп соққан жағдайда ғана туындайды.

Бұл жағдайда жәбірленуші ауырлығы орташа дене жарақаттарын алған.

Жоғарғы Сот Бас Прокурордың наразылығын қанағаттандырып, қылмыстық құқық бұзушылық құрамы болмағандықтан Габдрауфоваға қатысты істі тоқтатты.

 

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу