Бас Прокурордың наразылығы бойынша Жоғарғы Сот заңсыз сотталған адамға қатысты қылмыстық істі тоқтатты

21 қараша 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас Прокурор Қ. Қожамжаров Жоғарғы Соттың алдында заңсыз сотталған Ю. Мельниковке қатысты қылмыстық істі тоқтатуға бастама жасады.

2014 жылы ШҚО Зырян ауданының № 2 соты Мельниковті көрінеу жалған сөз жеткізгені үшін 1 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды.

Қылмыстық іс материалдарын зерделеу нәтижелері бойынша Бас прокуратура Мельниковтің полиция қызметкерлеріне қатысты өзіне тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін қолдануы туралы арызды ұрлық жасады деп күдіктелген кезде жазғанын және осындай тәсілмен ол өзінің қорғану құқығын іске асырғанын анықтады.

2018 жылғы 20 қарашада Жоғарғы Сот Бас Прокурордың дәлелдерімен толығымен келісіп, қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты Мельниковке қатысты қылмыстық істі тоқтатты.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу