You are here

Бас Прокурордың кассациялық наразылығы бойынша сотталған үш адам ақталды (Астана қ., 2013 жылдың 25 қаңтары)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратура заңсыз сотталған үш азаматқа қатысты әділеттілікті қалпына келтірді.

2012 жылдың 10 қазанында Бас Прокурордың жеке қабылдауында болған Атырау облысының тұрғындары Каметов, Жанбатыров және Горбачев өздерінің кінәсіз екендіктерін айтып, 2010 жылдың 19 мамырында Атырау қаласының №2 сотының оларға қатысты шығарған үкімінің заңдылығын тексеруді сұраған болатын.

Сот үкіміне сәйкес бұл азаматтар Орал-Каспий облысаралық балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөніндегі бассейндік басқармасының лауазымды тұлғалары бола тұрып, өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланған және ол ауыр салдарларға алып келген.

Апелляциялық сатыда айыптау үкімі өз күшінде қалды.

Жоғарғы сот та қадағалау өндірісін қозғаудан бас тартқан.

Бас прокуратура сот актілерін және қылмыстық істің материалдарын объективті түрде зерделеді және арызданушылардың заңсыз сотталғандары туралы дәйектерін негізді деп тауып, кассациялық наразылық келтірді және ол толығымен қолдау тапты.

Атырау облыстық сотының кассациялық сот алқасының 2013 жылғы 17 қаңтардағы қаулысымен Каметов, Жанбатыров және Горбачевқа қатысты заңсыз үкім және апелляциялық сатының қаулысы жойылды және олардың әрекеттерінде қылмыс құрамының болмауына байланысты қылмыстық істің өндірісі қысқартылды.

 

Бас прокуратураның Баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.