You are here

Бас Прокурордың Испания Корольдігінің Елшісімен кездесуі туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас Прокурор Асхат Дауылбаев Испания Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Уәкілетті Елшісі Педро Хосе Санз Серраномен кездесті.

Кездесуді аша отырып, А.Дауылбаев Елшіні прокуратура органдары қызметінің негізгі бағыттары туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау академиясының құрылғаны туралы ақпараттандырды.

Тараптар қалыптасқан екіжақты қарым-қатынасқа қанағаттанушылық білдіріп, одан әрі ынтымақтасудың перспективалары туралы ақпаратпен алмасты. Қылмыстық сот өндірісі саласындағы, атап айтқанда қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету, сотталған адамдарды беру және ұстап беру туралы Қазақстан Республикасы мен Испания Корольдігі арасындағы жасалған келісім-шарттардың маңыздылығы аталып өтілді. Әңгімелесушілер атап өткендей, қол қойылған мемлекетаралық келісімдер екі елдің арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға және қылмыспен күрес, заңдылықты және құқықтық тәртіпті қамтамсыз ету ісіне маңызды үлес қосуға бағытталған.

Кездесу барысында трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа тосқауыл қою, киберқылмыстылық, терроризм мен экстремизм, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамсыз етуді қоса алғандағы екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері талқыланды. Жаңа компьютерлік технологияларды үйрену, киберқылмыстылықпен және есірткі трафигімен күресу саласындағы мамандармен алмасу әңгімелесудің маңызды тақырыбына айналды.

Елші жылы қабылдауға ризашылығын білдіріп, мазмұнды әңгімесі үшін Бас Прокурорға алғысын білдірді.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.