You are here

Бас Прокурордың Халықаралық прокурорлар қауымдастығының жыл сайынғы конференциясына қатысуы туралы баспасөз ақпараты (Дубай қаласы, 24 қараша 2014 жыл)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев Халықаралық прокурорлар қауымдастығының «Қылмыстық қудалау тәжірибесі» атты 19-шы жыл сайынғы конференциясы мен жалпы жиынына қатысты. Форум әлемнің 50 шақты мемлекетінің қадағалау органдарының басшыларын жинады.

Отырысты Біріккен Араб Әмірліктерінің Премьер-Министрі, Дубай Эмиратының Әмірі Мухаммад ибн Рашид Аль-Махтум мен Халықаралық прокурорлар қауымдастығының президенті Герхард Ярош (Австрия) ашты.

Форум барысында прокурорлардың сот төрелігін қамтамасыз етудегі ролін күшейту, қадағалау органдарының трансұлттық қылмыспен,  заманауи қауіп-қатердің басқа да түрлерімен күрестегі ықпалдастығының тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.

Атап айтқанда, прокурорлардың киберқылмыспен күресте жаңа технологиялар жетістіктерін пайдалануы талқыға салынып, осы мәселеге деген түрлі инновациялық жаңалықтар қарастырылды.

Форумда сөз сөйлей келе, Қазақстанның Бас Прокуроры ХПҚ диалог алаңының халықаралық ынтымақтастықты тереңдетудегі және трансұлттық қылмысқа бірлесе төтеп беру жолдарын іздеудегі маңыздылығын атап өтті. 

Қадағалау қызметіндегі тиімді ақпараттық қамтудың маңыздылығы туралы айта келе, А.Дауылбаев жиналғандардың назарына қадағалау практикасына елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіп туралы толық құқықтық ақпарат алуға мүмкіндік беретін инновациялық технологиялар енгізудің нәтижелерін паш етті.

Қатысушылардың ортақ пікірі бойынща күн тәртібіндегі мәселелерді талқылаудың өзектілігі халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғау бойынша қадағалау органдарының күш-жігерін жұмылдырудағы ортақ стратегиялық мақсаттардың болуымен байланысты.

Конференцияның қорытындысы ретінде Ұсыныстар қабылданып, қатысушылар халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында әрі қарай ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екендіктерін растады.

Форум аясында А.Дауылбаев Вьетнам, Сауд Арабиясы, Грузия, Корея,  Гонконг, Ресей, Сингапур, Швейцария, Тайланд және БАӘ бас прокуратураларының, Әзірбайжан Әділет министрлігінің, сондай-ақ Халықаралық прокурорлар қауымдастығы хатышылығының басшылығымен кездесулер өткізді, олардың барысында өзара ынтымақтастықтың перспективалары талқыға салынды.

Қазақстан 1995 жылдан бастап қатыстып келе жатқан Халықаралық прокурорлар қауымдастығы әлемнің 140 елін біріктіріп отыр. Ұйым құрамына әртүрлі мемлекеттердің прокурорлық қызметтері мен қауымдастықтары кіреді. Бұл ретте Қауымдастық прокуратуралардың түрлері мен қызметтерін біркелкі ету мақсаттарын көздеген емес, прокуратуралардың тарихи және басқа да айырмашылықтарына құрметпен қарайды.

ХПҚ-ға қатысушы мемлекеттер прокуратураның құқық қорғау потенциалын арттыруды мақсат санайды. Қауымдастық сот төрелігі, адам құқықтарын қорғау, құқықтық реформаларды жүзеге асыру, трансұлттық қылмыспен күрестегі халықаралық ынтымақтастықтың белсенденділігін арттыру бастамаларын қолдайды.

Қауымдастықты дамыту мақсатында прокурорлар жыл сайынғы конференцияларға жиналып, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасады. 2011 жылы Астана қаласында «Прокуратураның қылмыстық-құқықтық емес саладағы заңдылықты қамтамасыз етуі» атты Орталық, Шығыс Еуропа және Орталық Азияға арналған ХПҚ-ның 6-шы Аймақтық конференциясы болып өтті.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.