You are here

Бас Прокурордың Халықаралық прокурорлар қауымдастығының жыл сайынғы конференциясына қатысуы туралы баспасөз ақпараты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев Цюрих қаласында (Швейцария Конфедерациясы) өткен Халықаралық прокурорлар қауымдастығының (ХПҚ) 20-шыжыл сайынғы конференциясы және жалпы жиналысына қатысты. Форумда әлемнің 90-нан астам елдерінің жоғары қадағалау органдарының басшылары бас қосты.

Швейцария Конфедерациясының Президенті,  Швейцария Әділет және полиция департаментінің басшысы Симонетта Соммаруга, Швейцарияның Бас прокуроры Майкл Лаубер және Халықаралық прокурорлар қауымдастығының Президенті Герхард Ярош ашылу рәсімінде сөз сөйледі. 

Форумда сыбайлас жемқорлық пен ақшаның жылыстауы, лаңкестікті қаржыландыру, алаяқтық пен салық төлеуден жалтаруға байланысты қылмыстар, сондай-ақ  қылмыстық жолмен табылған кірістер мен активтерді қайтаруға қарсы тұрудағы халықаралық ынтымақтастықтың маңызды мәселелері талқыланды. Қадағалаушы органдардың басшылары трансұлттық қылмыспен күрестегі ынтымақтастықты нығайту және үйлестірілген саясат жүргізуге ниет білдірді.

Қатысушылардың ортақ пікірі бойынша, күн тәртібінің өзектілігі халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті, адам құқықтарының кепілдігін қамтамасыз ету, қоғам және мемлекеттің мүдделерін қорғау бойынша күш-жігерді жұмылдыру жөніндегі барлық елдерге ортақ стратегиялық  міндеттерден туындағын.

Конференция аясында А.Даулбаев Швейцария, Чехия, Ресей, Сауд Арабиясы, Моңғолия, Малайзия, Әзірбайжан, Оңтүстік Корея бас прокурорларымен және Қытай Халық Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері бас прокуратураларының басшылығымен, сондай-ақ Ұлыбританияның Алаяқтық қылмыстармен күресу Офисінің директорымен және ХПҚ басшылығымен келіссөздер жүргізді.

Әріптестер халықаралық ұйымдасқан қылмыспен, есірткі саудасы,  экстремизм және терроризммен күресу аясындағы ынтымақтастықтың маңызды мәселелері бойынша пікір алмасты. Сонымен қатар шарттық-құқықтық базаны кеңейту және күшейту, жедел ақпаратпен алмасу мәселелері қозғалды.

Бас прокуратураныңбаспасөз қызметі

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.