Бас Прокурордың халықаралық конференцияға қатысуы туралы (Сочи қаласы, 2015 жылғы 9-11 қараша)

10 қараша 2015 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев Сочи қаласында өткен Прокурорлардың халықаралық қауымдастығының (ПХҚ) Орталық және Шығыс Еуропа, Орталық Азия мемлекеттеріне арналған 7-ші аймақтық конференциясына қатысты.

Дүние жүзінің 34 мемлекетінен жиналған 200 қатысушының және 9 мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерінің басын қосқан форумда терроризмге және зорлық-зомбылық экстремизмге қарсы күрес мәселелері талқыланды.

Жиынның ашылу рәсімінде Ресей Федерациясының Бас прокуроры Юрий Чайка және Прокурорлардың халықаралық қауымдастығының Президенті Герхард Ярош сөз сөйледі.

Ретімен жалғасын тапқан талқылау барысында терроризммен және зорлық-зомбылық экстремизммен байланысты қылмыстарға қарсы іс-қимыл бойынша халықаралық ынтымақтастықтың, соның ішінде істі тергеу мен сотта талқылаудың, сондай-ақ осы саладағы халықаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері сөз болды.

Конференцияға қатысушылардың ортақ пікірлерінше, халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам құқықтары кепілдіктерін жүзеге асыру және қоғам мен мемлекет мүдделерін қорғау жөнінен күш біріктіру мақсатында халықаралық екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты арттыра түсу қажет.

Форум аясында А. Даулбаев Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Бразилия, Босния және Герцеговина, Мажрастан, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Ресей, Сербия, Сауд Арабиясы, Тәжікстан, Чехия, Иран, Куба, Оңтүстік Африка елдерінің бас прокурорларымен, сондай-ақ ПХҚ басшылығымен кездесулер өткізді.

Екіжақты жүздесулер барысында сұхбаттасушылар трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен, есірткі саудасымен, киберқылмыстылықпен, экстремизммен және терроризммен күрес жүргізу тұрғысында өзара ынтымақтастықтың маңызды бағыттары бойынша пікір алмасты. Сонымен қатар, шарттық-құқықтық базаны кеңейту, ақпарат және мамандар алмасу бойынша ынтымақтастықты арттыру мәселелері талқыланды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу