You are here

Бас Прокурордың Германия Федеративтік Республикасының Елшісімен кездесуі туралы Баспасөз ақпарат (Астана қ., 9 сәуір 2013 ж.)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас Прокурор Асхат Дауылбаев Германия Федеративтік Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Гидо Херцпен кездесті.

Сұхбат барысында тараптар жұмыс щеңберінде қол жеткізілген ынтымақтастықтың жеткен деңгейіне ризашылықтарын білдіріп, оны одан әрі дамытуға мүмкіндік бар екенін айтты. Сонымен қатар, өзара мүдделі болып танылатын, соның ішінде қылмысқа қарсы күрес саласындағы кең ауқымды мәселелер талқыланды.

А.Дауылбаев қылмыстық қудалау кезінде адам құқықтарын қорғауға және бас бостандығынан айыру орындарында лайықты түрде ұстауға, Қазақстанның адам құқықтары саласындағы негізгі халықаралық шарттарға қосылуына байланысты міндеттемелерді орындауға прокурорлар ерекше көңіл бөлетінін атап өтіп, герман тарапын қадағалау мен құқық қорғау қызметі саласында жеткен нәтижелері туралы таныстырды.

Бас Прокурор Елшілік қызметкерлері мен Германияның тиісті сарапшыларын бас бостандығынан айыру орындарына барып, қамауда ұстау жағдайлармен танысуға шақырды.

Еуропа Кеңесінің қылмыстық іс жүргізу жөніндегі төрт конвенциясына Қазақстанның қосылуы сұхбаттың маңызды тақырыбы ретінде болды. Сонымен бірге, А.Дауылбаев құқықтық көмек көрсету саласында екіжақты шарттарды жасасу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Кездесу барысында екіжақты құқықтық ынтымақтастық жөніндегі кең ауқымды мәселелер талқыланды. Тараптар өзара іс-әрекеттесу салаларын одан әрі кеңейтуге және күшейтуге мүдделі екендіктерін растады.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

www.prokuror.kz
twitter.com/#!/GenProkRK
facebook.com/GenProkRK
www.youtube.com/user/GenProkRK
vk.com/Basprokuratura
el.kz/b194634
genprokrk.yvision.kz
kaztube.kz/ru/channel/62212
kiwi.kz/user/GenprokRK

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.