You are here

Бас Прокурордың Германия Елшісімен кездесуі туралы (Астана қаласы, 2016 жылғы 26 ақпан)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев Германияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Гидо Херцпен кездесті.

Тараптар екіжақты құқықтық ынтымақтастық мәселелерінің кең ауқымды қырларын талқылады, оның ішінде, трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа, экстремизм мен терроризмге, киберқылмыстылыққа, заңсыз жолмен табылған ақшаның жылыстауына қарсы әрекет жасау аясындағы әрекеттестік мәселелерін, сондай-ақ, Қазақстанның қылмыстық істер бойынша халықаралық құқықтық ынтымақтастық мәселелеріндегі Еуропа Кеңесінің Конвенцияларына қосылу барысы туралы талқылады.

Сұхбаттасу барысында А.Дауылбаев Қазақстан прокуратурасы  қызметінің негізгі бағыттары, шарттық-құқықтық базасын кеңейту мен күшейту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айтты.

Елшіні Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының қызметі туралы ақпараттандыра отырып, Германияның озық ғылыми-білім беру орындарымен өзара тиімді байланыстар орнатуға мүдделілігін танытты.

Сұхбаттасушылар екі елдің терроризмге қарсы тұру, ұлттық және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ақпаратпен және жұмыс тәжірибесімен жедел алмасу шеңберіндегі құқықтық ынтымақтастықтың маңызды әлеуетін атап өтті. Сондай-ақ қазіргі әлемнің қауіп-қатерлеріне тиімді қарсы тұру, қылмыстылықпен күрестегі аймақтық мәселелерді шешуге жалпыға бірдей ұстанымдарды жасау үшін өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетуге дайындықтарын білдірді.

Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.