You are here

Бас Прокурордың Франция Елшісімен кездесуі туралы (Астана, 2016 жылғы 19 ақпан)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев Франция Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Франсис Этьенмен кездесті.

Кездесу барысында шарттық-құқықтық базаны кеңейту, трансұлттық ұйымдасқан қылмыстылыққа, терроризм мен экстремизмге, киберқылмыстылыққа, есірткі саудасына, заңсыз жолмен алынған ақшаны жылыстатуға қарсы тұру тәрізді екіжақты құқықтық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері талқыланды.

Бас Прокурор Қазақстанның прокуратура органдары қызметінің негізгі бағыттары жөнінде, сондай-ақ, қылмыстық сот ісін жүргізу саласындағы Еуропа Кеңесінің Конвенцияларына қосылу бойынша атқарылып отырған жұмыстар туралы хабардар етті. Сонымен қатар, ол Қазақстанның Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясы туралы айтып, Франция жетекші білім беру және ғылыми мекемелерімен, соның ішінде Францияның Ұлттық әкімшілік мектебі, Полицияның жоғары ұлттық мектебі, Ұлттық магистратура мектебімен Академияның байланыс орнатуына мүдделілік танытты.

А.Дауылбаев бізге достас мемлекет болып табылатын Франциямен ынтымақтасты нығайтудың басымдығына назар аудара отырып, еліміздің жоғары қадағалау органы халықаралық қатынастардың дамуына және халықаралық құқықтық қауымдастыққа енуіне үлкен көңіл бөлетіндігін ерекше атап өтті.

Франция Елшісі елдің халықаралық-құқықтық саясатын жүргізудегі қазақстандық прокуратураның рөліне жоғары баға беріп, құқықтық саладағы ынтымақтастықты нығайтуға ынталы екенін растады.

Тараптар қылмыстылыққа қарсы тұру, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, адам құқықтарын қорғау мәселелеріндегі Қазақстан мен Франция құзыретті органдарының арасында қалыптасқан қарым-қатынастардың деңгейін қанағаттанушылықпен атап өтті, сондай-ақ тұрақтылық пен халықаралық қауіпсіздікті күшейту жолында екі ел халықтарының мүдделеріне сай ынтымақтастықты жан-жақты кеңейтуге және дамытуға дайын екендіктерін білдірді.

Қазақстан Республикасы

Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.