You are here

Бас прокурордың «Е-қылмыстық іс» жүйесін енгізу бойынша ведомствоаралық отырыстағы сөйлеген сөзінің тезистері

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Құрметті әріптестер!

Елбасының «100 қадам» Ұлт жоспары мен Жолдауы шеңберінде біз бірнеше IT-жобаларды іске асырып жатырмыз. Әрине, бұл бір күндік жұмыс емес. Бірақ, айтарлықтай нәтижелер бар.

Біріншісі – «Заңдылық» жүйесі.

Ол Жоғарғы Сотпен бірге ортақ құралға айналды. Онда Қылмыстық кодекстің барлық нормалары цифрланған. Прокурор немесе сот шешім дайындағанда бұл жүйе қателерді бірден өзі анықтап, дұрыс шешімді көрсетіп береді.

Бұл қандай қателер? Жаза тым қатал немесе негізсіз жеңіл, режим түрі дұрыс таңдалмаған деуі мүмкін. Конфискация, басқа да қосымша жазалар қалып қойған жоқ па деген 100-ден астам сұрақтар бойынша жөн сілтейтін жүйе.

«Заңдылық» жүйесі прокурор мен соттардың санасын өзгерте бастады. Олар заңдарды мұқият оқып, қайта-қайта тексеретін болды. Сот шешімдерінің сапасы да жақсарды. Апелляцияда қайта қаралған қылмыстық істер 40%-ға азайды.

Жыл соңына дейін «Заңдылық» жүйесін барынша күшейтіп, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмысқа толық енгізу жоспарланып отыр.

Екінші IT-өнім - әкімшілік істер.

2016 жылы олардың саны 4 млн. Айыппұлдар – 64 млрд. Хаттамаларды 64 мемлекеттік орган толтырады. Бұл салаға бүкіл мемлекеттік аппарат пен әрбір төртінші тұрғын тартылған. Бірақ, айыппұлдардың төленуі 50% төмен.

Хаттамалар да қағаз жүзінде. Яғни, істер жоғалады, мерзімдер кешігеді, фальсификация.

Сондықтан 64 органның әкімшілік істерін цифрлық форматқа көшіретін жүйе жасаудамыз.

Бір ай бұрын Ішкі істер министрі және қала әкімімен жергілікті полицияға 50 планшет бердік. Онда біздің ІТ-өнім енгізілген. Планшетте барлық мәлімет бар: неше рет ереже бұзды, бұрынғы айыппұлдары төленген бе, угон болған жоқ па және т.б. Бұл контент мемлекеттік органдардың базаларынан автоматты түрде алынады.

Электронды хаттаманы жоғалту немесе қолдан жасау мүмкін емес. Ол біздің Әкімшілік істердің ЕРАП деген реестрінен бірден көрінеді. Хаттама мен айыппұл төлеуге қазіргідей апталар мен айлар емес, 5-ақ минут жеткілікті. Қызметкерлеріміздің қаншама уақытын осылай үнемдейміз.

Үшінші, қылмыстық процесті оптимизациялау.

Қылмыстық процесс – ұзақ, қиын әрі көп шығынды қажет ететін сала.

Сондықтан МВД-мен бірге біз 7 ірі ауданды таңдап, эксперимент жасадық. Сонда көзіміздің жеткені. Қажеттілігі жоқ, керек емес, артық іс-әрекеттерден, қағаздардан құтылсақ, айлап тергелетін істерді 5 күннің ішінде бітіріп, сотқа жіберуге болады екен. Ол үшін тергеу мен прокурорлардың жұмысын тиімді ұйымдастыру керек. Сол 7 ауданда осындай форматпен 5 күнде қылмыстық істердің 70% сотқа жіберіп тұрдық. Бұл дәлелі жеткілікті, ешкім дауламайтын, мойындалған істер.

 Осының арқасында тергеушілердің қолдары босап, бар уақытын ашылмаған, ауыр, қауіпті қылмыстарға жұмсайтын болды.

Бұл пилотқа қазір соттар да қызығушылық білдіріп, қатысамыз деп жатыр. Олар қосылса, онда істердің 70%-ын қылмыс жасалған сәттен бастап 2 аптада үкімге қол жеткізетін боламыз. Бұл, әрине, бюджетті біраз шығыннан босатады.

Оған қоса сол 7 ауданда тергеушілер мен прокурорлардың үстінен шағым 30%-ға азайды.

Екінші жағынан, бұл істер тез тергеліп, сотта қаралған соң жемқорлыққа да жол азаяды.

Осы пилотты 1 шілдеден бастап бүкіл республикаға тараттық. Осы тәртіп УПК арқылы тергеу мен прокурорлардың міндетіне айналмақ.

Қазір құқық бұзушылықтарды тіркеу толық цифрлық форматта.

Бүгін – сотқа дейінгі тергеп-тексеруді цифрландырудың презентациясы.

Сот процесі бойынша да проблема жоқ.

Көп ұзамай жазаны орындауға дейін бәрін онлайн режимде көретін боламыз.

Жалпы, цифрлық технологияларды енгізу - Елбасының жеке бақылауында тұрған тапсырма.  

Басты мақсат – азаматтардың құқықтық қорғалуын күшейту, қызметімізді халыққа барынша қолайлы ету, қылмыстардың алдын алу.

Цифрлық технологияларға көшсек, қоғамның жанына батып жүрген біраз проблемаларды шешеміз. Олар өздігінен жойылады. Сондықтан осыған қатты мән беруіміздің себебі сол.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.