You are here

Бас Прокурордың Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі Бюро миссиясының жетекшісі Борис Фрлецпен кездесуі туралы (Астана қаласы, 2 наурыз 2016 ж.)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаевтың Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросы (ЕҚЫҰ/ДИАҚБ) мерзімінен бұрын парламенттік сайлауды бақылау миссиясының басшысы Борис Фрлецпен кездесуі өтті.

Кездесу барысында Қазақстанның Бас Прокуроры азаматтардың сайлау құқықтарын жүзеге асырудағы, оның ішінде сайлау үрдісіне қатысты өтініштерді қарау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.

А. Дауылбаев қадағалау қызметінде заң бұзушылықтардың алдын алу және оларды болдырмауға ерекше көңіл аударылып отырғанын, осыған орай прокурорлардың заңды түсіндіру бағытындағы жұмыстары күшейтілгенін атап өтті.

Б. Фрлец ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясы қызметінің міндеттері мен қағидалары, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын мерзімінен бұрын сайлауды өткізуге қатысты дайындық жұмыстары туралы баяндады.

ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының басшысы басты қадағалау органынан сайлау заңнамасының қолданылуы және аталмыш заңнаманы бұзу орын алған жағдайларға қатысты ақпарат алуға қызығушылығын танытты.

Тараптар мемлекеттік органдардың, оның ішінде прокуратура органдарының сайлау ашықтығын қамтамасыз етудегі жұмыстарын талқылады.

Сонымен қатар Борис Фрлец кездесу барысындағы қозғалған мәселелер бойынша Бас прокуратураның барынша ашықтығын ерекше ықыласпен атап өтті.

Пікір алмасу кезінде Б. Фрлец сайлау үрдісінің заңдылығын қамтамасыз етуге қатысты қойған сұрақтарына толыққанды жауап алып, мазмұнды сұхбат үшін ризашылығын білдірді.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.