You are here

Бас Прокурордың Болгарияға сапары туралы баспасөз ақпараты (София, 14 қараша 2014 ж.)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев Болгария Республикасында сапармен болып, оның аясындаосы елдің Әділет министрі Христо Ивановпен және Бас прокуроры Сотир Цацаровпен екі жақты кездесулер өткізді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Болгарияның құзырлы органдарының арасындағы жемісті ынтымақтастығын жоғары бағалап, осы сапардың қалыптасқан өзара бірлескен іс-қимылды одан әрі тереңдетуге тараптардың мүдделі екендіктерін дәлелдейтіндігін атап көрсетті. Осы орайда киберқылмыспен, терроризммен, экстремизммен және трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен күресте бірлесе күш біріктірудің маңыздылығы ерекше аталды.

Қазақстанның Бас Прокуроры прокуратура органдары қызметінің басым бағыттарына, халықаралық-құқықтық ынтымақтастықты кеңейту саласында өткізіліп жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

Келіссөздер нәтижесінде Қазақстан Республикасы мен Болгария Республикасы арасындағыұсталғанқылмыскерлерді беру туралыжәне қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы шарттарға қол қойылды. Сонымен қатар, тараптар жақын арада сотталған адамдарды беру туралы шарт жасасуға келісті.

Қол жеткізілген шарттар күшіне енгеннен кейін екі мемлекетте де қылмыскерлерді экстрадициялауға және құқық қорғау органдарының қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша тиімді іс-қимыл жасасуға құқықтық негіздер пайда болады.

Тараптар қол қойылған құжаттар Қазақстан мен Болгарияның құқық қорғау органдарының құқықтық қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтеріп, екі ел азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға жағымды ықпал ететіндігіне сенім білдірді.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.