Бас Прокурордың бірінші орынбасарының Қазақстандағы Италия Республикасының Елшісімен кездесуі туралы баспасөз ақпараты (Астана қаласы, 12 наурыз 2013 жыл)

12 наурыз 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель Қазақстандағы Италия Республикасының Елшісі Альберто Пиеримен кездесті.

Кездесу барысында екіжақты құқықтық ынтымақтастық мәселелері кең ауқымы талқыланды. Тараптар өзара іс-әрекеттің әрі қарай кеңеюі мен нығаюына деген мүдделілігін растады.

И.Меркель сұхбаттасушысын Бас прокуратура қызметінің негізгі бағыттары туралы хабардар етіп, екіжақты форматтағы халықаралық- құқықтық ынтымақтастықты кеңейту қазақстандық прокуратура органдарының басты қызметтерінің бірі екендігін атап өтті. Қазақстан мен Италия арасындағы шарттық-құқықтық базаны кеңейту мәселесі сұхбаттың маңызды тақырыбы болды. Италия тарапы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету, қылмыскерлерді ұстап беру және сотталғандарды беру туралы мемлекетаралық шарттарға жақын арада қол қою үшін барлық күш-жігерін салуға дайын екендігін хабарлады.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

www.prokuror.gov.kz
twitter.com/#!/GenProkRK
facebook.com/GenProkRK
www.youtube.com/user/GenProkRK
vk.com/Basprokuratura

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу