You are here

Бас Прокурордың бірінші орынбасарының АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасарымен кездесуі туралы (Астана қаласы, 2016 жылғы 17 тамыз)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас Прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркельдің АҚШ Мемлекеттік хатшысының қоғамдық қауіпсіздік, демократия және адам құқықтары мәселелері жөніндегі орынбасары Сара Сьюэллмен кездесуі өтті.

И.Меркель прокуратура органдары қызметінің басты бағыттары, заңдылықты және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жолында қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат бере отырып, қылмыстық қудалау кезінде адам құқықтарын қорғау прокурорлардың ерекше назарында екенін баса айтты.

Кездесуге қатысушылар екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін, ең алдымен терроризм және экстремизммен күресу, құқық қорғау саласында озық тәжірибемен және сарапшылармен алмасуды одан әрі белсендендіру бойынша пікір алмасты.

Тараптар қазіргі әлемнің қауіп-қатерлеріне қарсы тұру, қылмыспен күресудегі аймақтық мәселелерді шешуде ортақ тәсілдер табу үшін екі ел құзырлы органдарының арасындағы өзара ықпалдастықты әрі қарай нығайтуға мүдделілік танытты. 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының

баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.