You are here

Бас Прокурордың бірінші орынбасары И.Меркельдің Нидерланды Корольдігі Сыртқы істер министрлігінің өкілдерімен кездесуі туралы баспасөз ақпараты (Астана қ, 29 қаңтар 2013 ж.)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Қазақстан Бас Прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркельдің Нидерланды Корольдігі Сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік саясат жөніндегі Аға кеңесшісі Йохан Ринзенмен және Нидерландының Қазақстандағы Елшісі Хендрикус Пюткермен кездесуі болып өтті.

Қазақстан Бас Прокурорының бірінші орынбасары әңгімелесушілерді ҚР Бас прокуратурасы қызметінің басым бағыттарымен таныстырып, халықаралық құқықтық ынтымақтастықты екі жақты және көп жақты форматта нығайту Қазақстан прокуратура органдары қызметінің басты міндеттерінің бірі болып табылатынын атап өтті. Сонымен бірге ол мемлекеттік құқық қорғау жүйесін реформалау процесіне жеке тоқталды және ҚР Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстерінің жаңа редакциясын әзірлеу щеңберінде атқарылып жатқан жұмыс туралы хабарлады.

 Кездесу барысында екі жақты құқықтық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері талқыланды. Тараптар өзара әрекеттесу салаларын одан әрі кеңейтуге және күшейтуге өз мүдделерін растады.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.