You are here

Бас Прокурордың бірінші орынбасары И.Меркельдің халықаралық құқықтық ынтымақтастық мәселелері туралы брифингте сөйлеген сөзі (Астана қ., 2015 жылғы 23 ақпан)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Есірткі тасымалы, адам сату, лаңкестік, діни экстремизм, қылмыстық жолмен табылған табысты заңдастыру және басқа да қылмыстар қазіргі заманда ұлтаралық сипатқа ие болды.

Осыған орай халықаралық ынтымақтастықты құқықтық реттеу мәселесі ерекше маңызға ие, оның шарттары мен тәртібі тиісті келісімдермен анықталатын болады.

Қылмысқа қарсы әрекет ету саласындағы халықаралық-құқықтық өрісті кеңейту үшін Бас прокуратура қылмыстық іс жүргізу бойынша халықаралық келісім-шарттарды жасасу бойынша шетелдік әріптестермен бірге тұрақты негізде жұмыс жүргізеді.

Қазіргі таңда Қазақстан еуропалық елдермен 16, азия елдерімен 14 екі жақты шарт жасасқан және біз мұнымен ғана шектелмейміз. Сондай-ақ көршілес орналасқан елдерден басқа сауда-экономикалық қарым-қатынас реттелген, туристік әлеуеті жоғары және бизнес жүргізу үшін жеңілдігі бар салық қарастырылған елдерге басымдылық беріледі.

Біздің серіктестеріміздің қатарында өзаралық қағидасы бойынша қылмыстық-құқықтық салада ұзақ уақыт бойы ынтымақтастық жүргізіліп келе жатқан Америка Құрама Штаттары ерекше орын алады.

2009 жылғы 17 қарашада Бас прокуратура мен АҚШ Федералды Тергеу Бюросы арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылуы осындай ынтымақтастықты құқықтық реттеуде жасалған алғашқы қадам болып табылады.

Біздің елдер арасында ұзақ уақыт бойы шарттар жасалмағанына қарамастан, біз тиісті өзара қарым-қатынас орната білдік, екі тарап та тексеру кезінде көмек көрсету туралы алынған сұрауларды қысқа мерзім ішінде орындап отырды.

Өткен жылдың өзінде біз америка тарапынан қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы 8 сұрау алсақ, біздің  тараптан олардың мекен-жайына осындай 4 сұрау жіберілді.

Осыдан бір апта бұрын ғана Америкада салық және банктік алаяқтықпен жасалған қылмыстық іс бойынша АҚШ құзыретті органдарының құқықтық көмек көрсету туралы сұрауын жедел түрде орындағанымыз үшін біз америка тарапынан алғыс хат алдық.

Өздеріңізге мәлім, осы жылғы 20 ақпанда Вашингтонда Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасында қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы Шартқа қол қойылды.

Қазақстан үшін бұл оқиға үлкен жетістік болып табылады, өйткені Қазақстан Орталық Азия аймағында Құрама Штаттармен осындай Шарт жасаған алғашқы ел болып табылады.

Осы аталған халықаралық акт негізінде, қазақстандық және америкалық құқық қорғау органдары қылмысқа қарсы әрекет етуде, заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз етуде, сонымен қатар азаматтардың заңды мүдделерін және құқықтарын қорғауда заңды және жедел түрде өзара іс-қимыл жасай алады.

Сөзсіз, осы іспеттес халықаралық шартты жасау АҚШ билігінің Қазақстан құқықтық жүйесіне қатысты сенімінің артуына, елімізде халықаралық стандарттарға жауап беретін демократия институттары мен тәуелсіз әділ соттың құрылуына дәлел бола алады.

Жақын келешекте біз құқықтық саладағы қазақстандық-америкалық қатынастарды одан әрі нығайтуға ниеттіміз.

Соның ішінде, біз бүгінде 1992 жылғы 23 мамырдағы қылмыстық істер бойынша өзара көмек көрсету туралы, 1933 жылғы 26 желтоқсандағы экстрадициялау және 1993 жылғы 9 маусымдағы сотталғандарды табыстау жөніндегі америкааралық конвенцияларға Қазақстанның қосылуы туралы мәселені қарау үстіндеміз, бұл жалпы алғанда америкалық континент елдері және Америка Құрама Штаттарымен қылмыстық сот ісі аясындағы халықаралық ынтымақтастықты реттеуге мүмкіндік береді.

Аталған жұмыстың жүргізілу барысы Бас прокуратура басшылығының тұрақты бақылауында тұр.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.