You are here

Бас Прокурордың бірінші орынбасары болып Ғизат Нұрдәулетов тағайындалды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

12 шілде 2017 жыл, Астана. Мемлекет басшысының 2017 жылғы 12 шілдедегі өкімімен Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары болып Нұрдәулетов Ғизат Дәуренбекұлы тағайындалды.

Нұрдәулетов Ғизат Дәуренбекұлы еңбек өтілін Алматы облысы Жамбыл ауданы прокуратурасында тергеуші болып бастап, аудан прокурорының орынбасары болған.

Мемлекеттік тергеу комитетінде 1996 - 1997 жылдары қызмет атқарған.

1997 жылдан бастап ұлттық қауіпсіздік органдарында еңбек еткен. Сонымен қатар Департамент бастығының орынбасары, Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Департамент бастығы, Тергеу департаменті бастығы лауазымында болды.

2016 жылдың қараша айынан бастап бүгінгі күнге дейін Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ҰҚК департаментіне басшылық жасады.

Ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры.

II дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.

 

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

press@prokuror.kz

+7 7172 71 27 66

+7 7172 71 28 19

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.