You are here

Бас Прокурордың Беларусь Республикасына сапары туралы (Минск қаласы, 2015 ж. 29 қаңтар)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Белоруссияға іс-сапар барысында Қазақстан, Ресей, Белоруссия бас прокурорлары Асхат Дауылбаев, Юрий Чайка, Александр Конюктің   үшжақты кездесуі болып өтті.

Тараптар ортақ экономикалық кеңістік жағдайындағы өзекті мәселелерді, оның ішінде халықтық сұраныстағы тауарлар айналымына қатысты, автомобильдерді заңсыз кіргізу және тіркеу, қосымша құн салығын заңсыз қайтару саласы, сондай-ақ Еуразиялық одақ қызметі аясындағы мәселелерді шешу бойынша сарапшылар тобын құру туралы талқылады.

Сұхбаттасушылар экономикалық интеграция тұрғысында ЕАЭҚ елдері қадағалаушы органдарының ынтымақтастығын тереңдету аймақтағы заңдылықты қамтамасыз ету, трансұлттық қылмысқа қарсы тұру, тұрақтылықты нығайту бойынша ортақ стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған басты біріктіруші фактор екендігін баса айтты.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев Минск қаласында өткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша мемлекетаралық кеңес отырысының бірінші ұйымдастырушылық отырысына қатысты. Форум жұмысына Армения, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстанның құзырлы органдарының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында құқықтық тетіктерді жетілдіру және сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың алдын-алу, сондай-ақ олардың салдарын жою мәселелері кеңінен талқыланды.  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша мемлекетаралық кеңес 6 мемлекеттің (Армения, Белоруссия, Қазақстан, Қыргызстан, Ресей және Тәжікстан) басшыларымен құрылған ТМД-ның салалық ынтымақтастық органы болып табылады. Кеңес сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша шараларды ұйымдастыру және үйлестіруді, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық заңнаманы жақындастыру және үйлестіру, ақпарат алмасуға ықпалдастық ету, сондай-ақ Кеңеске қатысушы-мемлекеттер құзырлы органдарының өзара ынтымақтастығын нығайтуды жүзеге асырады.

ҚР Бас прокуратурасының

Баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.