You are here

Бас Прокурордың Беларусь Республикасына іс-сапары туралы баспасөз ақпараты (Минск қаласы, 2015 жылғы 28 қаңтар)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаевтың Беларусь Республикасы, Минск қаласына жасаған іс-сапары барысында Белоруссияның Бас прокуроры Александр Конюкпен екіжақты кездесуі өтті.

Тараптар Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара ықпалдастық мәселелерін талқылады. Оның ішінде тауарлар қозғалысын бақылау, жол көлігі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды, автомобильдерді контрабандалық жолмен енгізуді жою бойынша прокуратура органдарының қызметін үйлестіру. Сонымен қатар тараптар одақтың қызметіне қатысты мәселелерді шешу үшін сарапшылар тобын құру мүмкіндігін талқыға салды.

А.Дауылбаев әріптесіне экономикалық интеграция жағдайында трансұлттық қылмыстылыққа қарсы тұру, халықаралық ынтымақтастықты нығайту және ақпараттық технологияларды жетілдіруге бағытталған Қазақстанда жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мәлімдеді.

Кездесуге қатысушылар аталмыш мәселелерді анықтау және жою мақсатында ақпаратпен жедел алмасу және құзырлы органдардың мәліметтер базасын жақындастыру бойынша бірлескен шаралар қабылдау қажеттілігін баса айтты.

Сұхбаттасушылар қазіргі әлемнің қауіп-қатерлеріне тиімді түрде қарсы тұру үшін құқық қорғау органдары арасындағы өзара ықпалдастықты күшейту өзектілігінің артуына ерекше көңіл аударды. Ортақ аймақтық мәселелер бойынша сындарлы диалог жүргізу осы мәселерді реттеу және шешуде ортақ әдістер табуға мүмкіндік береді.

Ертең  Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасының бас прокурорлары Асхат Дауылбаев, Юрий Чайка және Александр Конюктің үшжақты кездесуі жоспарланып отыр, оның барысында ынтымақтастықтың өзекті мәселелері және болашағы қарастырылатын болады.

ҚР Бас прокуратурасының Баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.