Бас Прокурордың азаматтарды қабылдау жүргізгені туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., 2013 жылғы 4 қыркүйек)

04 қыркүйек 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев азаматтарды қабылдады.

Қабылдауда болғандардың өтініштері негізінен азаматтық және қылмыстық істер бойынша сот актілерінің заңдылығы мәселелеріне қатысты болды.

Оңтүстік Қазақстан облысының бір тұрғынын Бас Прокурор бейнеконференциялық байланыс арқылы «online» режимінде қабылдады. 

Бас Прокурор әрбір өтініш бойынша прокуратура органдарының басшыларына арызданушылардың айғақтарын толық және мұқият зерттеуді қамтамасыз ету, заңдылықтың бұзылуы анықталған жағдайда – бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге, кінәлі тұлғаларды заңмен белгіленген жауапкершілікке тартуға түбегейлі шаралар қабылдау туралы нақты тапсырмалар берді.

Бас Прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу