Бас Прокурордың азаматтарды қабылдау жүргізгені туралы БАҚ үшін ақпарат (Астана қ., 2013 жылғы 7 тамыз)

07 тамыз 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас Прокурор Асхат Дауылбаев кезекті рет азаматтарды жеке қабылдау жүргізді.

Қабылдау барысында Алматы, Ақтау, Өскемен және Семей қалаларында тұратын арызданушыларды Бас Прокурор бейнеконференциялық байланыс арқылы «online» режимінде қабылдады. 

Қабылдауда болғандардың сұрақтары негізінен азаматтық және қылмыстық істер бойынша сот актілерінің заңдылығына қатысты болды.

Бас Прокурор әрбір өтініш бойынша сәйкес құрылымдық бөлімшелердің басшыларына істерді алдыра отырып, арызданушылардың айғақтарын мұқият зерттеп, негізі болған жағдайда прокурорлық ықпал ету актілерін енгізу мәселесін қарастыру туралы нақты тапсырмалар берді.

Бас Прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу