You are here

Бас Прокурордың азаматтарды қабылдау жүргізгені туралы БАҚ үшін ақпарат (Астана қ., 2013 жылғы 6 қараша)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас Прокурор Асхат Дауылбаев кезекті рет азаматтарды жеке қабылдау жүргізді. Қабылдауда болған азаматтардың өтініштері негізінен қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі сот актілерінің заңдылығы бойынша шағыммен байланысты болды.

Арызданушылардың уәждерін мұқият тыңдаған соң А.Дауылбаев Бас прокуратураның сәйкес құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына оларды толық және жан жақты тексеруді қамтамасыз етуді, заңдылықтың бұзылуы анықталған жағдайда бұзылған құқықтарды қалпына келтіру бойынша түбегейлі шаралар қабылдауды, кінәлі тұлғаларды заңмен белгіленген жауапкершілікке тартуды талап еткен нақты тапсырмалар берді.

Арызданушылармен бейнеконференциялық байланысты қолдану арқылы сөйлесу бүгінгі қабылдаудың ерекшелігі болды. Осының нәтижесінде Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындары Астанаға келмей-ақ Бас Прокурорға өз арыздарын айта алды.

Осы тәжірибені енгізу құжат айналымын түбегейлі қысқарту жөніндегі  мемлекеттің стратегиясына сәйкес келеді және азаматтардың прокуратура органдарының лауазымды тұлғаларымен жаңа, неғұрлым ыңғайлы және үнемді нысанда сұхбаттасуына кезекті қадам болып табылады. Ең бастысы, қабылдаудың осындай нысаны уақытты және қаражатты үнемдеу тұрғысынан ең алдымен тұрғындар үшін ыңғайлы және тиімді болып табылады.

Биылғы жылдың басынан бері Бас прокуратура басшылығының осындай нысанда 52 рет азаматтарды қабылдауы өткізілді. Осы мерзім ішінде жеке және заңды тұлғалардан 276 өтініш келіп түсті. Соның ішінде Бас Прокурордың жеке қабылдауынан – 100 өтініш түсті, олардың ішінде негізгі бөлігі сот актілерінің заңдылығына, сондай-ақ қылмыстық қудалау органдарының әрекеттері мен актілеріне қатысты болды.

Мысалға, Р.Сағындықованың өтінішін қарау нәтижесі бойынша Бас Прокурор Жоғарғы Сотқа сот актілерін бұзу туралы қадағалау наразылығын енгізді.

А.Зайкиннің өтініші бойынша Бас прокуратура қылмыстық қудалау органының қылмыстық істі тоқтату туралы қаулысының күшін жойды. Іс Батыс Қазақстан облысының ІІД-не қосымша тергеу жүргізу үшін жолданды.

Прокуратура органдары басшылығының жеке қабылдауынан түсетін өтініштер санының артуы прокуратура органдары құқық қорғаушылық функциясының өзектілігін, сондай-ақ азаматтардың әлеуметтік белсенділігін көрсетеді. Осы мағынасында тұрғындармен өзара тиімді іс-қимыл орнатуға жағдай жасау, азаматтарға және заңды тұлғаларға көрсетілетін ақпараттық қызметтер тізілімін кеңейту бойынша жұмыстар ерекше бақылауда тұр. Бұзылған құқықтарды қалпына келтірудің қол жетімділігі және жеделдігі осы бағыттағы жұмыстың негізгі көрсеткіштерінің бірі ретінде болып отыр.

Бас прокуратураның интернет-сайтында Жеке қабылдау ережесі, сондай-ақ Бас прокуратура басшылығының азаматтарды қабылдау кестесі орнатылған, арызданушыларға жеке қабылдауды ұйымдастырумен байланысты кеңестер мен мәліметтерді жедел ұсыну үшін байланыс телефондарының номерлері көрсетілген.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.